Қоғам

"Осымен бесінші рет": түрік жүргізушісі полиция әрекетіне шағымданды – видео

© Photo : ДП по Северо-Казахстанской областиГрузовик сбил лошадь
Грузовик сбил лошадь - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.11.2021
Жазылу
Видеода шетелдік жүргізуші түрік тілінде шағымданып жатыр. Ал полиция қызметкері көліктің терезесін нұсқап, тоқтатудың себебін түсіндіруге тырысқан

НҰР-СҰЛТАН, 8 қараша – Sputnik. Әлеуметтік желіде түрік жүк көлігі жүргізушісінің Қазақстанда оны өзге елдермен салыстырғанда жол полициясы жиі тоқтататынын айтып шағымданған видеосы тарап кетті. 

Мәселеге заңгер Бауыржан Бибатыров араласты.

"Бізге жіберілген видеодан Түркия жүргізушісінің полиция қызметкеріне шағымданып жатқанын көруге болады. Атырауда полиция оны бес рет тоқтатқан. Басқа еш жерде олай тоқтатпайды дейді. Осы видеода полиция қызметкерінің бас киімсіз шығып, шетелдік азаматқа "сен" деп сөйлейді. Оның сауатсыз және ұят әрекеті құқық қорғау органдарының беделіне ғана емес, тұтас елдің абыройына да нұқсан келтіріп отыр", - деп жазды Бибатыров.

Видеода шетелдік жүргізуші түрік тілінде шағымданып жатыр. Ал полиция қызметкері көліктің терезесін нұсқап, тоқтатудың себебін түсіндіруге тырысқан.

Атырау облыстық полиция департаменті осы оқиғаға қатысты түсініктеме берді. Бұл оқиға өткен жылы сәуір айында болған. Ал жүк көлігін тоқтатудың нақты себебі бар.

"Заңсыз тоқтату фактісі орын алмаған, өйткені Жылыой ауданының "Майкөмген" санитарлық бекетінде жүргізуші өзі тоқтаған, полиция қызметкері жүк көлігінің терезесіне жасанды қараңғылатқыш орнатылғанын (тонировка) байқап ескерту жасады", - дейді депаратмент қызметкерлері.

Ал полиция қызметкерінің бас киімсіз тұруына байланысты тиісті шара қолданылады.

Оқи отырыңыз: 

 

Жаңалықтар
0