06:21 27 Қыркүйек 2021
Тікелей эфир
  • USD423.91
  • EUR497.37
  • RUB5.82
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
142 0 0

2013 жылы Нұр-Сұлтан – Щучинск бірінші ақылы учаске енгізілгеннен бері жол жүру ақысына өзгеріс енгізілген жоқ

АЛМАТЫ, 14 қыркүйек – Sputnik. "Қазавтожол" ұлттық компаниясы пайдалануға беруге дайын автокөлік учаскелерін атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ресми ақпаратқа сәйкес, қазір Нұрсұлтан – Павлодар, Шымкент – Өзбекстан шекарасы (Ташкентте), Щучинск – Көкшетау учаскелері ақылы жолдардың қатарына қосылуға дайын.

Ақылы жолдар мәселесі: көлік жүргізушілерінің наразылығы немен аяқталды 

Бұл учаскелер барлық қажетті құралмен жабдықталған. Ал Қапшағай – Талдықорған, Шымкент – Тараз, Тараз – Қайнар, Шымкент – Қызылорда учаскесін пайдалануға беру туралы бұйрықтың жобасы мемлекеттік органдарға келісім беруі үшін жолданған.

"Бұл 1 санаттағы жол учаскелерінде ақылы жолды енгізу 2021 жылдың 1 қазанынан тест режимінде,  2021 жылдың 1 қарашасынан бастап нақты пайдалануға беріледі", - деп нақтылады комитет.

Ведомствоның хабарлауынша, ақылы учаскелер бойынша жүріп өту үшін төлемақы мөлшері 2013 жылы Нұр-Сұлтан – Щучинск бірінші ақылы учаске енгізілгеннен бері өзгерген жоқ және ол сол қалпында қалады.

ІІ санаттағы жол қозғалысы үшін төлемақы тарифін төмендету жоспарда бар.

Кілт сөздер:
ақылы жол
Загрузка...

Басты тақырып