Қоғам

Автокөлікті сату мен қайта тіркеуді банктің мобильді қосымшасында рәсімдеуге болады

© Photo : Pexels//pixabayТелефон
Телефон - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.11.2021
Жазылу
Енді сатушылар мен сатып алушыларға автокөлікті сату, сатып алу кезінде халыққа қызмет көрсету орталығына барудың қажеті жоқ, барлық рәсім банктік қосымшада онлайн қолжетімді

НҰР-СҰЛТАН, 8 қараша – Sputnik. Автокөлікті сату мен қайта тіркеуді Halyk Bank және Kaspi.kz мобильді қосымшаларында рәсімдеуге болады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгінгі таңда ІІМ қаржы институттарымен бірлесіп ең танымал мемлекеттік қызметтердің бірі – автокөлікті сату және қайта тіркеу Halyk Bank және Kaspi.kz мобильді қосымшаларына шығарылды. Бүгінгі күні елдегі барлық қайта тіркеулердің төрттен бір бөлігі осы банктік қосымшалар арқылы өтеді.

Министрлік бұл қызметті тағы екі қаржы ұйымының (Еуразиялық банк және Фридом финанс) мобильдік қосымшасына шығарады. Бұл қызмет сондай-ақ 102 мобильдік қосымшада іске асырылатын болады.

Айта кетері, Halyk Homebank мобильді қосымшасында автокөлікті онлайн қайта құру бойынша сервис бүгін ел парламентіндегі үкімет сағатында таныстырылды.

Енді сатушылар мен сатып алушыларға автокөлікті сату/сатып алу кезінде мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына барудың қажеті жоқ – барлық рәсім банктік қосымшада онлайн қолжетімді.

Оқи отырыңыз: "Адамша өмір сүргім келеді": елордада көлік жүргізушілері наразылыққа шықты – видео

Жаңа қызметті пайдалана отырып, автомобильді сатушы мен сатып алушы Halyk Homebank қосымшасында сатуға/сатып алуға, айыппұлдар мен салықтарды төлеуге, автокөлікті қайта рәсімдеу бойынша барлық қажетті құжаттарға қол қоюға, мәмілені растайтын құжаттарды алуға, сондай-ақ жаңа нөмірді алуға немесе автомобильдің бұрынғы мемлекеттік нөмірін сақтауға болады.

Сондай-ақ, қосымшада жол ержесенің айыппұлдарын төлеу, құжаттандыру қызметтерін төлеу (төлқұжат/жеке куәлікті алу/ауыстыру) және басқа да көптеген функциялар бар.

 

Жаңалықтар
0