Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2022
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Әлемдегі ең тұзды теңіз көзден ғайып болып барады – фото

Жазылу
Өлі теңіз жанында өскен адамдар келер ұрпақ су айдыны сұлулығын көре алмайды деп қынжылып отыр

Бірнеше он жылдың ішінде Өлі теңіз аумағының үштен бір бөлігі тартылып, суы жыл сайын бір метрге қысқаруы жалғасып жатыр.

Өткен ғасыр ортасы мен аяғында салынған курорт аймақтары мен қонақүйлерден қазіргі жағажайға дейін екі шақырым жаяу жүруге тура келеді.

Экобелсенділер мен суретшілер Өлі теңіздің жойылып бара жатқанына қоғам назарын аудару үшін түрлі акциялар ұйымдастыруда. Осы жылдың қазанында өткен мұндай шараның бірінде бірнеше жүздеген әйел мен еркек жалаңаштанып, ақ бояумен жақты. Оларды америкалық фотограф Стивен Туник тартылып бара жатқан суат жанында суретке түсірді.

Ғайып болып бара жатқан Өлі теңіздің бұл проблемасының астарында экономикалық та, саяси да мәселе жатыр. Иордан өзені территориясы арқылы өтетін мемлекеттердің суды қажет ететін өз ауыл шаруашылығы мен өнеркәсібі бар. Ал су бөгеттерін, электр станцияларын ұлғайту саясатта да, өңір экологиясында да шиеленіс тудырып отыр.

Өлі теңізді қалай сақтап қалу керектігі төңірегінде айтылған идея көп болды. Оның қатарында Қызыл теңіз суын тұщыландыру, Суэцкке ұқсас арна тұрғызу бар. Бірақ бұл жоспардың барлығына өңірдегі жағдай тікелей ықпал етіп отыр.

Гидрологтар Өлі теңіз тартылып жатқанына қарамастан, толығымен жойылып кетпейді деген уәж айтуда. Ал экологтар буға айналып жатқан ылғал көлемі қайтатындай тепе-теңдік туындағанда, Өлі теңіз тартылуы тоқтайды деп санайды. Алайда бұл нақты қашан болатынын ешкім дөп басып айта алмай отыр.

© AFP 2024 / Menahem KahanaӨлі теңіздің су айдыны бірнеше он жылда үштен бір бөлікке қысқарды. Су тартылған аумақты тұз басып, ол тіпті төменге қарай опырылып, сол орындарда алып шұңқырлар пайда болып жатыр. Суретте: Эйн-Геди жанындағы шұңқыр
Воронки, заполненные водой, которые образовались в результате падения уровня воды в Мертвом море - Sputnik Қазақстан
1/15
Өлі теңіздің су айдыны бірнеше он жылда үштен бір бөлікке қысқарды. Су тартылған аумақты тұз басып, ол тіпті төменге қарай опырылып, сол орындарда алып шұңқырлар пайда болып жатыр. Суретте: Эйн-Геди жанындағы шұңқыр
© AFP 2024 / Menahem KahanaКарст шұңғысы деп аталатын бұл құбылыс тартылған судың өзімен бірге карст (еритін) жыныстарын ала кетуінен туындайды. Бұрын теңіз түбі болған жерлерде үлкен шұңқыр немесе қазындылар пайда болуда
Путешественники идут рядом с воронками через высохшую часть Мертвого моря, образовавшее соляную равнину, в 20 км к югу от израильского кибуца Эйн-Геди  - Sputnik Қазақстан
2/15
Карст шұңғысы деп аталатын бұл құбылыс тартылған судың өзімен бірге карст (еритін) жыныстарын ала кетуінен туындайды. Бұрын теңіз түбі болған жерлерде үлкен шұңқыр немесе қазындылар пайда болуда
© AFP 2024 / Menahem KahanaӨлі теңіздің басты ерекшелігі – мұнда суға бату мүмкін емес. Су тығыздығы майға ұқсас. Өлі теңіз суы Әлем мұхитындағы судан он есе тұщы екенін де айта кету керек
Люди купаются на израильском курорте Неве Зоар в южной части Мертвого моря - Sputnik Қазақстан
3/15
Өлі теңіздің басты ерекшелігі – мұнда суға бату мүмкін емес. Су тығыздығы майға ұқсас. Өлі теңіз суы Әлем мұхитындағы судан он есе тұщы екенін де айта кету керек
© AFP 2024 / Menahem KahanaБұл теңіз айналасындағы климат барлық кезде құрғақ болып келді. Тіпті Өлі теңізге құятын Иордан өзені баяғыда ең ірі кеме арнасы болғанына қарамастан, бұл су айдыны барлық уақытта белсенді түрде буға айналды
Кристаллизованные минералы высохшего морского участка южной части Мертвого моря - Sputnik Қазақстан
4/15
Бұл теңіз айналасындағы климат барлық кезде құрғақ болып келді. Тіпті Өлі теңізге құятын Иордан өзені баяғыда ең ірі кеме арнасы болғанына қарамастан, бұл су айдыны барлық уақытта белсенді түрде буға айналды
© AFP 2024 / Menahem KahanaӨткен ғасырдың ортасынан бері Иордан өзені өңірдегі бірнеше мемлекеттің өнеркәсібі пен ауыл шаруашылығында белсенді пайдаланылып келеді. Бұл теңізге құятын су көлемінің азайып, соның салдарынан оның тартылуына алып келді. Курортты аймақтар теңіз жағалауынан бара-бара алшақтауда
Стадо козерогов, пасущееся в заброшенной пальмовой роще, уничтоженной из-за образования воронок, заполненных водой, в результате падения уровня воды в Мертвом море - Sputnik Қазақстан
5/15
Өткен ғасырдың ортасынан бері Иордан өзені өңірдегі бірнеше мемлекеттің өнеркәсібі пен ауыл шаруашылығында белсенді пайдаланылып келеді. Бұл теңізге құятын су көлемінің азайып, соның салдарынан оның тартылуына алып келді. Курортты аймақтар теңіз жағалауынан бара-бара алшақтауда
© REUTERS / AMIR COHENӘйтсе де Өлі теңізге қызығушылық танытатын туристер саны азайған жоқ
Посетители купаются в Мертвом море недалеко от Эйн-Бокека - Sputnik Қазақстан
6/15
Әйтсе де Өлі теңізге қызығушылық танытатын туристер саны азайған жоқ
© AFP 2024 / Menahem KahanaАл Өлі теңіздің бұрынғы жағалауындағы қонайүүлер, дүкендер мен демалыс орындары бірте-бірте қирандыға айналып жатыр
Дорога на заброшенном израильском курорте Эйн-Геди, которая была разрушена из-за воронок, образовавшихся в результате падения уровня воды Мертвого моря - Sputnik Қазақстан
7/15
Ал Өлі теңіздің бұрынғы жағалауындағы қонайүүлер, дүкендер мен демалыс орындары бірте-бірте қирандыға айналып жатыр
© AFP 2024 / Menahem KahanaТеңіз тартылған аумақтың бетін тұз кристалдары жауып, олар әдемі өрнектер құрастыруда
Узоры, образованные кристаллизованными минералами на поверхности водоемов на месте Мертвого моря - Sputnik Қазақстан
8/15
Теңіз тартылған аумақтың бетін тұз кристалдары жауып, олар әдемі өрнектер құрастыруда
© REUTERS / MOHAMAD TOROKMANҚұс ұшар биіктіктен түсірілген суретте Өлі теңіз аумағының қаншалықты қысқарғанын анық көруге болады. Сондай-ақ небәрі 40 жыл бұрын пайда болған шұңқырлар да көрініп тұр
Уровень Мертвого моря понижается со скоростью 1 метр в год  - Sputnik Қазақстан
9/15
Құс ұшар биіктіктен түсірілген суретте Өлі теңіз аумағының қаншалықты қысқарғанын анық көруге болады. Сондай-ақ небәрі 40 жыл бұрын пайда болған шұңқырлар да көрініп тұр
© AFP 2024 / Menahem KahanaСу тартылғаннан кейін Өлі теңіз тұзы осындай пішіндер құрастыруда. Бұл пішіні жағынан ай кратеріне ұқсағанымен, олардың көлемі жағынан айырмашылығы үлкен
Кристаллизованные минералы высохшего морского участка южной части Мертвого моря - Sputnik Қазақстан
10/15
Су тартылғаннан кейін Өлі теңіз тұзы осындай пішіндер құрастыруда. Бұл пішіні жағынан ай кратеріне ұқсағанымен, олардың көлемі жағынан айырмашылығы үлкен
© REUTERS / AMIR COHENӨлі теңіз тұздары құрастырған пішіндер туристерге қатты ұнайды
Посетители купаются в Мертвом море недалеко от Эйн-Бокека - Sputnik Қазақстан
11/15
Өлі теңіз тұздары құрастырған пішіндер туристерге қатты ұнайды
© AFP 2024 / Menahem KahanaЖарты ғасыр бұрын Өлі теңіз толқындары тулаған жазықта тар әрі су аз өзендер ағып жатыр
Река Араба пересекает высохший участок соляной равнины на пути к южной части Мертвого моря - Sputnik Қазақстан
12/15
Жарты ғасыр бұрын Өлі теңіз толқындары тулаған жазықта тар әрі су аз өзендер ағып жатыр
© AFP 2024 / Menahem KahanaӨлі теңіз тартылғаннан кейін деңгейі төмендеген құм астында алып шұңқырлар пайда болды. Енді теңіз түбінің көрінісі осындай болып тұр
Путешественники идут рядом с воронками через высохшую часть Мертвого моря, образовавшее соляную равнину, в 20 км к югу от израильского кибуца Эйн-Геди  - Sputnik Қазақстан
13/15
Өлі теңіз тартылғаннан кейін деңгейі төмендеген құм астында алып шұңқырлар пайда болды. Енді теңіз түбінің көрінісі осындай болып тұр
© AFP 2024 / Menahem KahanaӨлі теңізге келген адамдар су тығыздығын растайтын суретке түскенді ұнатады. Олар әдетте қолдарына газет-журнал алып, суға түседі де, судың бетінде қалқып тұрғанын көрсетеді
Люди купаются в Мертвом море возле израильского поселения Мицпе-Шалем на Западном берегу - Sputnik Қазақстан
14/15
Өлі теңізге келген адамдар су тығыздығын растайтын суретке түскенді ұнатады. Олар әдетте қолдарына газет-журнал алып, суға түседі де, судың бетінде қалқып тұрғанын көрсетеді
© AFP 2024 / Menahem KahanaӨлі теңіздің оңтүстік бөлігінде тұз жазығында миналар бар екені туралы ескертетін тақтайша
Знак, предупреждающий о минах на соляной равнине в южной части Мертвого моря - Sputnik Қазақстан
15/15
Өлі теңіздің оңтүстік бөлігінде тұз жазығында миналар бар екені туралы ескертетін тақтайша
Жаңалықтар
0