Бірнеше он жылдың ішінде Өлі теңіз аумағының үштен бір бөлігі тартылып, суы жыл сайын бір метрге қысқаруы жалғасып жатыр.
Өткен ғасыр ортасы мен аяғында салынған курорт аймақтары мен қонақүйлерден қазіргі жағажайға дейін екі шақырым жаяу жүруге тура келеді.
Экобелсенділер мен суретшілер Өлі теңіздің жойылып бара жатқанына қоғам назарын аудару үшін түрлі акциялар ұйымдастыруда. Осы жылдың қазанында өткен мұндай шараның бірінде бірнеше жүздеген әйел мен еркек жалаңаштанып, ақ бояумен жақты. Оларды америкалық фотограф Стивен Туник тартылып бара жатқан суат жанында суретке түсірді.
Ғайып болып бара жатқан Өлі теңіздің бұл проблемасының астарында экономикалық та, саяси да мәселе жатыр. Иордан өзені территориясы арқылы өтетін мемлекеттердің суды қажет ететін өз ауыл шаруашылығы мен өнеркәсібі бар. Ал су бөгеттерін, электр станцияларын ұлғайту саясатта да, өңір экологиясында да шиеленіс тудырып отыр.
Өлі теңізді қалай сақтап қалу керектігі төңірегінде айтылған идея көп болды. Оның қатарында Қызыл теңіз суын тұщыландыру, Суэцкке ұқсас арна тұрғызу бар. Бірақ бұл жоспардың барлығына өңірдегі жағдай тікелей ықпал етіп отыр.
Гидрологтар Өлі теңіз тартылып жатқанына қарамастан, толығымен жойылып кетпейді деген уәж айтуда. Ал экологтар буға айналып жатқан ылғал көлемі қайтатындай тепе-теңдік туындағанда, Өлі теңіз тартылуы тоқтайды деп санайды. Алайда бұл нақты қашан болатынын ешкім дөп басып айта алмай отыр.