Экономика

Жанармай бекеттерінде бензин жоқ – энергетика министрлігі не дейді

© Sputnik / Кирилл Каллиников / Фотобанкке өтуЧеловек заправляет автомобиль бензином
Человек заправляет автомобиль бензином  - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.11.2021
Жазылу
Yandex newsTelegram
Бағаны негізсіз өсіру және нарықта жасанды жанар-жағармай тапшылығын тудыру фактілері туралы құзырлы органдарға хабарланады

НҰР-СҰЛТАН, 7 қараша – Sputnik. Қазақстанның энергетика министрлігі кейбір жанармай бекеттерінде бензин жоқ деген ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.

Бірқатар бұқаралық ақпарат құралы мен әлеуметтік желіде кейбір жанармай бекетінде бензин жоқ деген ақпарат тарады.

"Энергетика министрлігі мұнай өңдеу зауыттарында жанар-жағармай өндірісі үздіксіз жүріп жатқанын хабарлайды. Халықтың сұранысын толыққанды қамтамасыз ету үшін бензин көлемі жеткілікті. Осылайша бензин тапшылығына еш негіз жоқ", - деді министрліктегілер.

Егер жанармай бекеттерінде бензин сатудан бас тартса, бұл туралы минтстрлік +7 777 999 52 18 WhatsApp нөміріне дереу хабарлауды сұрайды. Мамандар ақпараттың қаншалықты шындыққа сәйкес келетінін анықтайды.

Министрлік бағаны негізсіз өсіру және нарықта жасанды жанар-жағармай тапшылығын тудыру фактілері тиісті шара қабылдау үшін құзырлы органдарға хабарланатынын ескертеді. 

Оқи отырыңыз: "Байып кеткенімді түсіндім": ер адам көлігінің арқасында олжаға кенелді

Жаңалықтар
0