Әлем

"Байып кеткенімді түсіндім": ер адам көлігінің арқасында олжаға кенелді

© Sputnik / Владислав ВодневКазахстанский автосалон
Казахстанский автосалон - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.10.2021
Жазылу
Ол әкесі екеуі күндердің бір күнінде осындай олжа болатынын білгенін айтады. Ақшаны жұмсауды әлі жоспарлап отырған жоқ

НҰР-СҰЛТАН, 16 қазан — Sputnik. АҚШ-тың Мичиган штатының тұрғыны лотереядан джекпот ұтып алды.

48 жастағы Джинеси округінің тұрғыны Гранд-Блан қаласындағы жанармай бекетінде тоқтап, желі шыққан көлік дөңгелегін реттемек болған. Дөңгелекке жел беретін автоматқа салатын ұсақ ақша табылмады. Сондықтан бекеттегі дүкенге кіруге тура келді, деп жазады UPI басылымы.

Дүкенде ер адам екі лотерея билетін сатып алды. 

"Көлігіме кіріп лотереядағы жолақты өшірдім. Үш бірдей символ мен сыйлық сомасын көрдім. Байып кеткенімді түсіндім", - деді ол.

Ер адам 500 мың доллар (шамамен 209 млн теңге) ұтқан.

"Әкеммен бірге бірнеше жыл бойы лотерея ойнаймыз. Бір күні джекпот ұтамыз дейтін едік. Сол кезде ойнауды тоқтатамыз деп жоспарладық", - деді байып кеткен америкалық.

Ол ұтқан ақшаны әлі сақтап қоятынын айтты.

Бұған дейін Американың Канзас штаты Олейте қаласында дөңгелек ауыстыруға келген әйел джекпот ұтқаны хабарланған еді. Ол уақыт өткізу үшін бірнеше билет алған.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0