АСТАНА, 1 желтоқсан — Sputnik. Қарағандылық инженер лотереядан 24 564 426 теңге (64 мың доллардан астам) ұтып алды.
Дулат есімді Қарағандының 50 жастағы тұрғыны супер-жүлдені жеңіп алды. Ставкалардың бірі "5 нөмір + бонустық шар" ұтыс комбинациясына сәйкес келген.
Семей тұрғыны "ұтысты" алу үшін алаяқтарға қомақты ақша аударып жіберген
Өзінің айтуынша, лотереяны көптен бері ойнайды екен. 1200 теңге тұратын жүлделі билетті 21 қарашада сатып алған.
"Лотереяны сонау кеңес заманында, жас кезімде-ақ ойнай бастадым. Шамамен 40 жыл бойы ойнап жүрмін, жиі ұтып тұрамын. 25 жасымда 168 рубль ұтып алдым, біз бұл ақшамен Анапаға бардық. Лотереядан ұтыс алудың арнайы әдісі жоқ" – деді бақытты жан.
30 қарашада Satty Zhuldyz лотерея компаниясының президенті Александр Тен өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында банк бөлімшесінен ұтысты аудару туралы есеп-қисапты жариялады.
Салық төлегеннен кейін Дулат қолына 22 миллион 109 мың теңге алды.