НҰР-СҰЛТАН, 6 қараша – Sputnik. Желіде жол жөндеушілердің қар жауғанда асфальт төсеп жатқандары түсірілген видео жұрттың қызу талқысына түсті.
Оның Талдықорғанда түсірілгені анықталды.
Желі қолданушылары жол жөндеу жұмыстарын қар түсіп жатқан кезде жүргізген ұйымды жауапкершілікке тарту қажет екенін айтып, биліктің назаран осы мәселеге аударды.
"Асфальт қабаты қағаздай жұқа. Онымен қоймай қар жауғанда төсеп жатыр. Көктемде шұрық тесікке айналады", "Бассыздық. Жазда не ойлаған?", Шенеуніктер шара қолданатын кез келген шығар", деп жазды тұрғындар видео астындағы комментарийде.
Жергілікті әкімдік болса жол жөндеушілер атқарушы органның нұсқаулығынсыз, асфальтты қар түскенде өздері біліп төсегенін айтты.
"Мердігер әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады және қандай да бір жағдайда шығындар өндіріліп алынады", - деп хабарлады Талдықорған әкімінің баспасөз қызметкері Нұр Қанатұлы.