Өңірлер

Талдықорғанда жасөспірімдердің лифтідегі әрекеті видеоға түсіп қалды

© Sputnik / Владислав ВодневЛифт, иллюстративное фото
Лифт, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.11.2021
Жазылу
Олардың ата-анасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс бойынша жауапкершілікке тартылды

АЛМАТЫ, 4 қараша – Sputnik. Талдықорғанда жасөспірімдер көпқабатты үйдің лифтінде бұзақылық жасады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Instagram желісінде бірінші қарашада бірнеше жасөспірімнің "Болашақ" шағын ауданы №14 үйдің лифтінде тұрып, бұзақылық жасаған сәтінен видео тарады.

Видеодан балалардың барлық түймені басып, есіктің жабылуын аяғымен тоқтатып отырғанын анық көруге болады. Осылайша олар лифт жұмысына кедергі келтірген.

Сондай-ақ жасөспірімдердің бірі лифт ішінде қабырғаға маркермен әдепсіз сөздер жазған.

"Іздестіру шаралары барысында Талдықорған қаласының ювеналды полиция қызметкерлері кәмелетке толмаған үш тұрғынды анықтады. Олардың ата-анасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 435-бабы "Кәмелетке толмағандар жасаған ұсақ бұзақылық" бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деді Талдықорған қаласы полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Марат Түсіпбеков.

Ал видеодағы басқа жасөспірімдердің ата-анасымен профилактикалық сипаттағы әңгіме жүргізілді, себебі олардың әрекетінде әкімшілік құқық бұзушылық жоқ.

Айта кетері, балалар лифтпен ойнап отырған кезде 16 қабатты үйдің тұрғындары біраз уақыт тек баспалдақты қолдануға мәжбүр болды.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0