Өңірлер

150 мың теңге сұраған: көлікті себепсіз тоқтатқан екі полицей жұмыстан қуылды

© Sputnik / Илья Питалев / Медиабанкке өтуАрхивное фото дорожного полицейского
Архивное фото дорожного полицейского  - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.11.2021
Жазылу
Тәртіп сақшылары Петропавл тұрғынын көлік жүргізу құқығынан жарты жылға айырамыз деп қорқытқан

НҰР-СҰЛТАН, 5 қараша – Sputnik. Петропавл қаласында полиция қызметкерлері көлік жүргізушісін алдап, 150 мың теңгесін иемденіп кеткен, деп хабарлайды Astana TV арнасы.

Қала тұрғаны жол ережесін бұзбай келе жатқан. Соған қарамастан, полицейлер оны тоқтатып, жолдың қарсы бетіне шыққаны үшін айыптады. Ер адам кінәсін мойындаған жоқ. Сол кезде тәртіп сақшылары оны көлік жүргізу құқығынан жарты жылға айырамыз деп қорқытты.

Облыстық сыбайлыс жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының орынбасары Нұрлан Жахиннің айтуынша, екі полицей көлік жүргзушісінен 150 мың теңге талап еткен. Ал параның сомасын планшетке жазып көрсетті.

"Көлік жүргізушісі параны берген. Бірақ кінәсіз екенін және алданып қалғанын білді. Сол кезде ол облыстық полиция департаментінің ішкі қауіпсіздік басқармасына арыз түсірді. Екі полицей жұртқа масқара боламыз деп ақшаны қайтарып бере салған. Ал тергеу кезінде олардың бейнебақылау жетоны мен көліктің ішіндегі камераны сөндіріп тастағаны анықталды. Ондай әрекет тәртіп бұзушылыққа жатады", - дейді Жахин.

Сотта полицейлердің алаяқтық әрекеті дәлелденді. Әрбіреуіне параның он еселенген сомасы - 1,5 миллион теңгеге айыппұл салынды. Бұдан бөлек, оларға мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынды.

Ал екі алаяқ полицейдің басшылары тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Олардың ішінде взвод командирі, оның орынбасары және рота командирі бар. Барлығы 10 басшының мәселесі тәртіптік комиссияға шығарылды.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0