02:37 27 Қаңтар 2021
Тікелей эфир
  • USD420.71
  • EUR516.13
  • RUB5.65
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
218001

Сарапшылардың айтуынша, жемқорлық кең етек жайған салалардың арасында емделуге берілетін жолдама алу мәселесі бірінші орынға шыққан

НҰР-СҰЛТАН, 13 қаңтар – Sputnik. "Transparency Kazakhstan" қоғамдық қоры Қазақстанда жемқорлыққа арналған зерттеудің нәтижесін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қордың атқарушы директоры Ольга Шиянның айтуынша, күзде республика бойынша 9 000 адамның арасында сауалнама жүргізілді. Бұдан бөлек, ашық диалог порталына түскен мыңдаған арыз-шағымдар зерделенді. Ал зерттеу жұмысына 200-ге жуық сарапшы тартылды.

"Жамбыл, Алматы, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Атырау мен Қызылорда облысының тұрғындары сыбайлас жемқорлыққа жиі тап болатынын жеткізді. Жемқорлық қаупі жоғары мекемелер де анықталды. Олар: ауруханалар, полиция, жер қатынастары басқармасы, халыққа қызмет көрсету орталықтары, мемлекеттік және жеке меншік балабақшалар", – деді Шиян орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Сарапшылар сыбайлас жемқорлыққа итермелейтін негізгі себептердің тізімін де жасады. Оған сәйкес, өткен жылы бірінші орынға емделуге жолдама алу мәселесі шықты. Соның ішінде коронавирус және басқа да ауруларға қатысты ем-дом шаралары бар. Одан кейін жұмысқа тұру мен баланы балабақшаға орналастыру мәселесі тұр. Адамдар сол үшін пара беруге дайын. Ал делдалдар ақша сұрауға ұялмайды.  

Дағдарыс пара көлемін төмендетті

"Бұдан бөлек, жер мәселесі және сан алуан анықтама алу мәселесі бар. Параның көлемі де әртүрлі, кем дегенде, бір мың теңге. Ал ең жоғары параның көлемі 300 мың теңгені құрады. Негізі, бүгінде пара көлемінің төмендегені байқалады. Респонденттердің айтуынша, ол пара алушылардың "мейірімділігі" емес. Дағдарыс басталғаннан кейін оның көлемін біршама азайтуға тура келді", – деп атап көрсетті Шиян.

Сондай-ақ, әрбір облыс тұрғындары жемқорлыққа қатысты жағдайдың қалай өзгергенін де айтып берді. Бір жерде жемқорлықсыз шаруаны шешуге болады дегендер табылса, енді бір жерде "парасыз ешнәрсе шешілмейді" деген пікір әбден сіңіп кеткен. Ондай аймақтардың қатарына Жамбыл облысы, Алматы мен Шымкент қаласы енген.

Оқи отырыңыз: СҚО-да карантинде кедергісіз жүру үшін полицей 1 миллион 300 мың пара алған

"Респонденттерге "сізге қызмет көрсеткен мемлекеттік органдардың жемқорлыққа қарсы іс-қимылы тиімді жүргізіліп жатыр ма?" деген сұрақ қойылды. Сауалнамаға қатысқан адамдардың 45,6 проценті "иә" деп жауап берді. Сондай-ақ, 37,4 проценті өздері тұратын елді мекенде жемқорлықтың азайғанын айтса, 15,4 проценті, керісінше, өсіп кетті деп отыр", – дейді Шиян.

Тақырып бойынша

Пара ретінде темекі алған полицейдің үстінен іс қозғалды
Ірі көлемде пара алған әкім орынбасары қамауға алынды – видео
Түркістан облысында пара беріп баспаналы болғандар үйді босатуға мәжбүр
Пара бергені үшін жаза күшейтілді – жаңа заңның негізгі нормалары
Қазақстанда генерал-майор 200 мың теңге пара үшін бес жылға сотталды
Кілт сөздер:
жемқорлық, пара беру, пара алу
Загрузка...

Басты тақырып