Өңірлер

Жамбыл облысының тұрғыны өртеніп жатқан көліктен дер кезінде шығып үлгерді – видео

© РИА Новости / Медиабанкке өтуСгоревший автомобиль. Архивное фото
Сгоревший автомобиль. Архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.11.2021
Жазылу
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі көліктің жануына техникалық ақау себеп болғанын хабарлады

АЛМАТЫ, 5 қараша – Sputnik. Жамбыл облысында тас жол бойында көлік өртенді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от SPUTNIK|ҚАЗАҚСТАН (@sputnik_kz)

Жамбыл облысы төтенше жағдай департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға Алматы – Ташкент тас жолының 943-шақырымында болды. Көліктің жанып жатқаны туралы хабар сағат 16:57-те түсті. Өртті сөндіруге Жуалы ауданының №7 өрт сөндіру бөлімінің 4 қызметкері мен бір техника жұмылдырылды.

Көліктегі өрт сағат 17:35-те толық сөндірілді.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, көліктің жануына техникалық ақау себеп болған.

Зардап шеккендер жоқ, жүргізуші көліктен уақытында шығып үлгерген.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар
0