НҰР-СҰЛТАН, 5 қараша – Sputnik. Нұр-Сұлтан әкімдігінің қызметкерлері мен инспекторлар екі қоқиқазды іздеп жатыр, деп хабарлайды экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі.
4 қарашада әлеуметтік желіде елордада "Шығыс" тұрғын үй кешенінің (Жасыл квартал ауданы) құрылыс алаңында екі қоқиқаз жүргені туралы видео тарады.
Ауа райын ескеріп, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Ақмола облысының аумақтық инспекциясына құстарды құтқаруды тапсырды.
"Оқиға орнына жеткен инспекторлар қоқиқаздарды таба алмады. Құрылыс алаңында істейтін жұмысшының айтуынша, құстар Кіші Талдыкөл көліне қарай ұшып кеткен", - делінген хабарламада.
Қазір инспекторлар қала әкімдігінің қызметкерлерімен бірігіп, қоқиқаздарды Кіші Талдыкөл көлінен іздеп жатыр.
Оқи отырыңыз: