Видео

Оңтүстікке бет алған бір топ қоқиқаз жол-жөнекей Маңғыстауда демалып жатыр – видео

Жазылу
Ақтау тұрғыны Азамат Сәрсенбаев Маңғыстау облысындағы Қаракөл көліне қонған кәдімгі қоқиқаздарды дрон арқылы видеоға түсірді

Автордың айтуынша, кадр қатты шу шығармайтын жаңа дронмен түсірілген. Ол құстарды үркітпейді.

Естеріңізге сала кетейік, былтыр Азамат жанжалдың ортасында қалды. Облыстық мемлекеттік инспектор дрондар Қарақия-Қаракөл мемлекеттік табиғи қорығында құстар мен жануарларды қорқытуы мүмкін екенін айтып, әуесқой операторға айыппұл салуды талап етті. Алайда Азамат өзінің әрекеті Қызыл кітапқа енген құстардың тыныштығын бұзуы мүмкін екенін мойындағаннан кейін шенеуніктер түсіндіру жұмысымен шектелді.

Азаматтың биылғы жаңа туындысының қауырсынды кейіпкерлері бой үйретсе керек, оның үстіне дронның дауысын естімеген болар, біржола ұшып кетпеді, тек тыпыр-тыпыр етіп, таяз суға қарай ығысты.

Қоқиқаз көлде қарашаға дейін қалады, содан кейін қысты жылы өлкелерде: Түрікменстандағы Хазар қорығында немесе Иранда өткізеді.

Орнитологтардың мәліметіне сәйкес, жыл сайын су қоймасына ұшып бара жатқан құстардың 90-ға жуық түрі тоқтап, үзіліс жасайды. Олардың көпшілігі Қызыл кітапқа енген.

 

Жаңалықтар
0