Спорт

"Арманыма екі қадам қалды": Бибосынов ширек финалдағы жеңісіне баға берді

© AFP 2024 / UESLEI MARCELINOСакен Бибосынов в полуфинале Олимпиады
Сакен Бибосынов в полуфинале Олимпиады  - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.11.2021
Жазылу
Әлем чемпионатының жартылай финалында Сәкен Бибосынов таиландтық боксшымен кездеседі

НҰР-СҰЛТАН, 4 қараша — Sputnik. Бокстан Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов ширек финалдан кейін сұхбат беріп, колумбиялық қарсыласына және алдағы жекпе-жектерге қатысты ой-пікірімен бөлісті деп хабарлайды Olympic.kz. 

Оның айтуынша, колумбиялық боксшы өте мықты спортшылардың қатарында. Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері, 2017 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері.

"Оны 2019 жылғы әлем чемпионатында оңай ұтқан едім. Осы жолы қанша жақсы дайындалып шықсам да, жекпе-жек сәл қиындау өтті. Десе де, келесі айналымға өттім. Екі жыл бұрынғы әлем чемпионатында да, Токио Олимпиадасында да қола медаль алдым. Ал менің ең үлкен арманым - алтын алып, еліміздің әнұранын шырқату. Бүгінарманыма екі қадам қалды", - деді Бибосынов. 

Әлем чемпионатының жартылай финалында Сәкен Бибосынов таиландтық боксшымен кездеседі. 

Естеріңізге сала кетейік, Сербияның Белград қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында жартылай финалға бес қазақстандық боксшы өтті,

Әлемдік додаға барлығы 13 боксшымыз барған. Олардың ішінен 10 спортшы ширек финалға дейін жетті. Бесеуі жартылай финалға жолдама алды. Атап айтқанда, Теміртас Жүсіпов (48 келі) өзбекстандық Нодиржон Мирзахмедовты жеңсе, Сәкен Бибосынов (51 келі) Колумбиядан келген Юберхен Мартинестен басым түсті.

Оқи отырыңыз: 

Сәкен Бибосынов Олимпиада чемпионын жеңді – видео

Қазақ боксшысы жеңген жекпе-жекте қызық жағдай болды – видео

Қазақ боксшысы әлем чемпионатында нокаутпен жеңді – видео

 

Жаңалықтар
0