Спорт

Әлем чемпионаты: жартылай финалға шыққан боксшылар анықталды – видео

© Sputnik / Владислав ВодневТренировка сборной по боксу
Тренировка сборной по боксу - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.11.2021
Жазылу
Әлемдік додаға барлығы 13 боксшымыз барған. Олардың ішінен 10 спортшы ширек финалға дейін жетті

НҰР-СҰЛТАН, 3 қараша – Sputnik. Сербияның Белград қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында жартылай финалға бес қазақстандық боксшы өтті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Әлемдік додаға барлығы 13 боксшымыз барған. Олардың ішінен 10 спортшы ширек финалға дейін жетті. Бесеуі жартылай финалға жолдама алды. Атап айтқанда, Теміртас Жүсіпов (48 келі) өзбекстандық Нодиржон Мирзахмедовты жеңсе, Сәкен Бибосынов (51 келі) Колумбиядан келген Юберхен Мартинестен басым түсті.

Бұдан бөлек, Махмұд Сабырхан (54 келі), Серік Теміржанов (57 келі) пен Абылайхан Жүсіпов (67 келі) жартылай финалға өтті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от SPORTS.KZ (@kzsports)

Жартылай финалда қазақстандық боксшылардың қарсыластары да белгілі.

Олар:

  • Теміртас Жүсіпов – Евгений Кармильчик (Беларуссия)
  • Сәкен Бибосынов – Танарат Саенгфет (Тайланд)
  • Махмұд Сабырхан – Акаш Кумар (Үндістан)
  • Серік Теміржанов – Освелб Кабальеро Гарсия (Куба)
  • Абылайхан Жүсіпов – Севонрец Окадзава (Жапония)

Сербия астанасына 13 боксшымыз аттанды.

Олар:

  • Теміртас Жүсіпов (48 келі);
  • Сәкен Бибосынов (51 келі);
  • Махмұд Сабырхан (54 келі);
  • Серік Теміржанов (57 келі);
  • Саматәлі Төлтаев (60 келі);
  • Санатәлі Төлтаев (63,5 келі);
  • Абылайхан Жүсіпов (67 келі);
  • Асланбек Шымбергенов (71 келі);
  • Нұрқанат Райыс (75 келі);
  • Нұрбек Оралбай (80 келі);
  • Бек Нұрмағанбет (86 келі);
  • Айбек Оралбай (92 келі)
  • Нұрлан Сапарбай (+92 келі).

Әлем чемпионатының сыйақы қоры 2,6 млн АҚШ долларын құрап отыр.

Алтыннан алқа таққандар 100 000 долларға ие болады. Күміс медаль үшін 50 000, ал қолаға 25 000 доллар беріледі. Чемпионат 24 қазан мен 6 қараша аралығында өтеді.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0