Әлем

Сарапшы Байден Путиннің беделін түсіргісі келгенін айтты

© AFP 2024 / JOE RAEDLEИзбранный президент США Джо Байден
Избранный президент США Джо Байден - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.11.2021
Жазылу
Саяси ғылымдар кандидаты Александр Шатилов Байденнің мәлімдемесінің астары болғанын атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 3 қараша – Sputnik. АҚШ президенті Джо Байден климаттың өзгеруі жөніндегі саммитке қатыспаған Ресей мен Қытай басшыларын сынға алды. Sputnik радиосының эфирінде ресейлік саяси ғылымдар кандидаты Александр Шатилов бұл мәлімдемеге қатысты пікір білдірді.

АҚШ президенті Джо Байден Глазгода өткен климаттың  өзгеруі мәселелері бойынша саммитте Ресей мен Қытай басшылары Римдегі G20 кездесуіне қатыспауы арқылы үлкен қателік жіберді деп мәлімдеді.

Байденнің айтуынша, Владимир Путин климат проблемаларын шешу үшін қандай шара қабылдап жатқаны туралы ақпарат мүлде жоқ, ал Қытай осы тектес форумдарға ешқашан қатыспайды, сөйте тұра әлем көшбасшысы болуға ұмтылады.

"Путинге қатысты да дәл осы жағдай. Оның тундрасы жанып жатыр. Климатқа қатысты үлкен проблемалар туындап отыр, алайда ол қандай да бір шара қабылдау жөнінде жақ ашпайды", - деп РИА Новости Байденнің сөзін келтірді.

Бір күн бұрын РФ президенті Владимир Путин климат саммитіне қатысушыларға видеоүндеу жолдаған болатын. Ресей басшысы елде ағаштарды сақтап қалу үшін қандай шаралар жүзеге асырылып жатқанын түсіндірді.

Sputnik радиосының эфирінде РФ үкіметі жанындағы Қаржы университетінің әлеуметтік ғылымдар және бұқаралық коммуникациялар факультетінің деканы, саяси ғылымдар кандидаты Александр Шатилов Байденнің мәлімдемесінде белгілі бір астар болғанын айтты.

Оқи отырыңыз: Байден Қазақстан тумасын ресми түрде жоғары лауазымға ұсынды 

"Мәлімдеме астары стандартты – Ресей мен Қытайды климат мәселесіне назар аудармайды деп қаралап, қазір экология мен жасыл энергетиканы насихаттап жүрген батыс қоғамының алдында олардың беделін түсіру. Бірақ, айта кетері, Глазго саммитінің күн тәртібіндегі мәселелер біздің күн тәртібіміз емес. Бізде қазір температураның бір градусқа өсуі немесе кемуінен әлдеқайда өзекті проблемалар бар. Сонымен қатар саммитте энергетикалық алып держава ретінде Ресейді үлкен сынға алу көзделді. Батыс жасыл энергетикаға көшу бағдарламасын іске асыра алмады, энергетика нарығындағы жеткізулер және бағасында проблема туындады. Бірақ бұл біздің проблема емес... Сондықтан АҚШ-тың геосаяси қысымы мен қарсылығы кезінде Ресей де сыпайылықты сақтамаса болады", - деді Александр Шатилов.

Жаңалықтар
0