Әлем

Байден Қазақстан тумасын ресми түрде жоғары лауазымға ұсынды

CC0 / Narcis Ciocan / Подписание документа
Подписание документа - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.11.2021
Жазылу
Сәуле Омарованың кандидатурасы мақұлданса, АҚШ-тағы ақша айналымын бақылау басқармасына алғаш рет әйел жетекшілік етеді

НҰР-СҰЛТАН, 3 қараша – Sputnik. АҚШ президенті Джо Байден ақша айналымын бақылау басқармасы басшысы қызметіне Сәуле Омарованы тағайындау туралы ұсынысты ресми түрде Сенат конгресінің қарауына енгізді.

"Сенатқа жіберілген кандидатура: Сәуле Омарова ақша айналымын бақылау басқармасының басшысы қызметіне бес жылдық мерзімге ұсынылады, орынбасары - Джозеф Оттинг", - делінген Ақ үйдің ресми сайтындағы құжатта.

Жақын арада сенаттың салалық комитеті Сәуле Омарованың кандидатурасын қарау туралы тыңдау өткізетінін хабарлайды. Одан кейін конгресмендер дауыс береді. Ал комитеттің ұсынысы енгізілгеннен кейін сенатта соңғы дауыс беру өтеді.

Сәуле Омарованың кандидатурасы мақұлданса, АҚШ-тағы ақша айналымын бақылау басқармасына (Office of the Comptroller of the Currency, OCC) алғаш рет әйел жетекшілік етеді. Осы құрылым 1863 жылы құрылған болатын.

Сәуле Омарованың өмірбаяны

Орал қаласының тумасы Сәуле Омарова Корнель университетінде жұмыс істейді. Банк құқығы бойынша профессор дәрежесі бар. Мәскеу мемлекеттік университетінде (1989), Висконсин университінде (1999) және Солүстік-Батыс университінде (2001) оқыған. Заң ғылымдарының докторы. Қазақ, орыс және ағылшын тілін біледі.

Джордж Буш кезінде қаржы министрлігінің реттеу саясаты бойынша арнайы кеңесшісі болған. Davis Polk & Wardwell заңгерлік фирмасында бес жыл жұмыс істеп шықты.

© Photo : SENATE COMMITTEE ON BANKING, HOUSING, AND URBAN AFFAIRSОрал қаласының тумасы Сәуле Омарова
Байден Қазақстан тумасын ресми түрде жоғары лауазымға ұсынды - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.11.2021
Орал қаласының тумасы Сәуле Омарова

Профессор Сәуле Омарова криптовалютаның қарсыласы болып саналады. Ол өзінің ғылыми жұмысында криптовалютаның банк саласына қандай қауіп төндіретінін жан-жақты көрсеткен.

Айта кетері, биыл тамыз айының басында АҚШ қаржы министрлігі валюталық бақылау басқармасының басшысы қызметіне Сәуле Омарованың кандидатурасы ұсынылғаны туралы ақпарат таратқан. Оған дейін осы қызметке үміткер екі адам болды. Алайда Демократиялық партияның ішінде өзара тартыс басталды. Ақ үй екі кандидатурадан да бас тартып, профессор Сәуле Омарованы қарастыруға кірісті.

Жаңалықтар
0