НҰР-СҰЛТАН, 3 қараша – Sputnik. Ресейдің Иркутск қаласында Ан-12 жүк ұшағы қону кезінде апатқа ұшырады.
"Жаңартылған ақпаратқа сәйкес, ұшақ бортында жеті адам болған", - деді РИА Новости агенттігінің дереккөзі.
Төтенше жағдайлар қызметінің өкілі Ан-12 ұшағында бес экипаж мүшесі мен екі жолаушы болғанын хабарлады.
Алдын ала мәлімет бойынша барлығы қаза тапқан.
Ұшақ Беларусьтің "Гродно" әуе компаниясына тиесілі екені анықталды.
Оқи отырыңыз: