Әлем

Ресейде жолаушылар ұшағы теңізге құлады – 28 адам қаза тапты

© Sputnik / Алексей Куденко / Медиабанкке өтуСамолет Ан-26, архивное фото
Самолет Ан-26, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.07.2021
Жазылу
Апатқа ұшыраған әуе кемесінде 6 және 17 жастағы балалар болған. Бірнеше шенеунік те қайтыс болды

НҰР-СҰЛТАН, 6 шілде – Sputnik. Ресейде Ан-26 жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды РИА Новости.

Ресми мәліметке сәйкес, жолаушылар ұшағы Петропавловск-Камчатский қаласынан Палана кентіне адам тасымалдаған. Осы жолы тура жерге қонардың алдында байланысқа шықпай қалды.

Алдын ала болжам бойынша әуе кемесі теңізге құлаған. Себебі Палана кентіне дейін 9 шақырымдай қалғанда байланыс үзіліп кетті. Бортта экипаждың 6 мүшесі және 22 жолаушы, олардың арасында 6 және 17 жастағы балалар да болған.

Оқи отырыңыз: Алматы түбіндегі Ан-26 апаты: зардап шеккен екі адам ауруханадан шығарылды

Жергілікті билік ұшақта болған жолаушылардың тізімін жариялады. Онда Палана кенті әкімшілігінің төрт қызметкері де бар. Олар – кент басшысы Ольга Мохирева, жұмылдыру бөлімінің басшысы Александр Андрейкин, қаржы басқармасының басшысы Ольга Андрейкина, білім беру, әлеуметтік қорғау, мәдениет және спорт бөлімі басшысының орынбасары Юлия Суровцева.

Қазіргі кезде құтқарушылар ұшақ құлаған аймақты анықтады. Ол жерге теңіз кемелері жіберіліп отыр. Сондай-ақ, Палана кентіне құтқарушылар, дәрігерлер мен психологтар мінген тікұшақ аттанды. Арнайы комиссия құрылды. Құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғады. Жергілікті үкімет ұшақтың тиісті куәлігі бар екенін, ал экипаж рейске дейінгі тексерістен өткенін хабарлады.

Апатқа ұшыраған әуе кемесінде 35 жастағы Иван Сивак та болды. Ол әуежайда және салонның ішінде түскен фотосын жариялаған болатын.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Сивак Иван Лютый (@memu.ivan)

"Палана, күт, мен ұшып келемін", - делінген фотоның астындағы жазуда.

Жаңалықтар
0