Өңірлер

"Көмек алуға мүмкіндік береді": Маңғыстау облысының әкімі өзекті проблеманың бірін көтерді

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтуКоровы, архивное фото
Коровы, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.11.2021
Жазылу
Ноғаев тіркеуден өткен мал үшін салық төлеу қажеттілігі туындамайтынына уәде етті

НҰР-СҰЛТАН, 3 қараша — Sputnik. Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Маңғыстау ауданына келіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысты. Әкім сапар барысында жергілікті малшылармен кездесті, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Маңғыстау облысындағы төрт түліктің 44 проценті дәл осы Маңғыстау ауданында тіркелген.

Биыл қуаңшылыққа байланысты 100 шаруа қожалығы мен 2493 үй шаруашылығына барлығы 530 миллион теңгеге жуық қаражат төленді. Ауыл тұрғындарының қолда бар малды тіркемеуі өзекті проблеманың біріне айналып отыр.

Облыс әкімі қолда бар малдың бас санын тіркеу мемлекет тарапынан қолдау алу үшін қажет әрі маңызды екенін айтты. Ноғаев тіркеуден өткен мал үшін салық төлеу қажеттілігі туындамайтынына уәде етті.

"Әр мал бас санын тіркеу, керісінше, шаруаларға мал үшін ветеринарлық көмеу алуға мүмкіндік береді. Осының барлығын халыққа түсіндіру керек. Биылғы қуаңшылық - бәрімізге ортақ проблема. Мемлекет қолданыстағы заңнама аясында сәйкес қажылық және әкімшілік қолдау көрсетеді, бірақ мал иелері де өз мүмкіндіктері мен қауіп-қатерді дұрыс бағалап, мал шаруашылығымен тиімді айналысуы керек. Сондықтан қолда жем-шөп пен жайылым жері жеткілікті болатын мал санын ұстау маңызды", - деді Ноғаев.

Қазір ауыл тұрғындары қыстың қамын жасап, жем-шөп дайындап жатыр. Қостанай және Ақтөбе облыстарынан ауданға 18 300 тонна азық жеткізілді. Ал жеткізілетін пішеннің қыстағы қоры 8 600 тоннаны құрап отыр.

Шенеуніктің айтуынша, Маңғыстау облысына жем-шөп жеткізу тарифін уақытша төмендету бойынша "Қазақстан темір жолы" АҚ-мен келісім жасалды.

"Егер бұған дейін бір вагон азық тасымалдау 400 мың теңге болса, қазір 100 мың теңге шамасында. Сондай-ақ қысқы жем-шөп бағасын төмендетуге бағытталған басқа да механизмдер жұмыс істеуде. Бұл мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған үлкен қолдау", - деді облыс әкімі.

Өңір басшысы жұмыс сапарының бірінші күнінің қорытындысы бойынша жауапты тұлғаларға бірнеше нақты тапсырма берді.

Ноғаевтың жұмыс сапары екі күнге созылады. Бірінші күні ол Шебір, Тұщықұдық, Ақшымырау және Қызан ауылдарындағы әлеуметтік нысандарды аралап, құрылысы 7 жылға созылған Шетпе-Қызан жолын жөндеу қарқынымен танысты.

Сонымен қатар жұмысшылар Мәстек – Қызан тас жолының 25 километрінің құрылысына да кірісті. Биылғы жылы аудандық маңызы бар бұл жолға мемлекеттік бюджеттен 375 миллион теңге бөлінген. Қазірдің өзінде айналма жолдың 4 километрі дайын. Жол төсеу жұымсатры 2023 жылы толық аяқталады деп жоспарлануда.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0