Өңірлер

Қызылордада арнайы операция өтті – видео

© Sputnik / Сергей Ким Акция "в поддержку политзаключенных" в Алматы
 Акция в поддержку политзаключенных в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.11.2021
Жазылу
Полиция қызметкерлері 68 жастағы ер адамның үйінде есірткі затын қайнатып жүргенін анықтады

НҰР-СҰЛТАН, 2 қараша – Sputnik. Қызылордалық полицейлер арнайы операция кезінде есірткі притонын ұйымдастырғандарды ұстады, деп хабарлады Polisia.kz.

Есірткі қылмысына қарсы іс қимыл басқармасының қызметкерлері жасырын тергеу шаралары барысында 68 жастағы ер адамның үйінде есірткі затын қайнатып жүргенін анықтады. Оған тағы үш сыбайласы көмектескен. Олар  "экстрациялық апиын" жасаған. Оны қан тамыр арқылы егеді. Есірткі затын тұтыну үшін притонға басқа адамдар да келіп жүрген.

Тінту кезінде есірткі заты қайнатылған ыдыс-аяқтар, шприцтер және тағы басқа заттай айғақтар тәркіленді. Ал күдікті өз кінәсін толық мойындады.

Қазіргі кезде Қазақстан Қылмыстық кодексінің 302-бабы, 1-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді тұтыну үшiн притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау, сол сияқты осы мақсаттар үшiн үй-жайлар беру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Айта кетері, бұл бапта үш жылдан жетi жылға дейiн бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Ал топпен жасалған қылмыс үшін он екі жылға дейiн сотталуы мүмкін.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар
0