Спорт

Қазақ боксшысының нокауты Халықаралық бокс қауымдастығын таңдандырды – видео

© Sputnik / Владислав ВодневТренировка сборной по боксу
Тренировка сборной по боксу - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.11.2021
Жазылу
AIBA әлеуметтік желідегі парақшасында Асланбек Шымбергеновтің жекпе-жегінен видео жариялады

НҰР-СҰЛТАН, 2 қараша – Sputnik. AIBA халықаралық бокс қауымдастығы Instagram желісіндегі ресми аккаунтында Белградтағы әлем чемпионатында қазақстандық боксшы Асланбек Шымбергеновтің нокауты түсірілген видеоны жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от AIBA - Boxing (@aiba_official)

Шымбергенов 71 келіге дейінгі салмақта турнирдің 1/8 финалында германиялық қарсыласы Магомед Шахидовты техникалық нокаутпен жеңді.  

Видеодан қазақстандық спортшының оң қолымен қарсыласын қалай есеңгіреткенін көруге болады.

Айта кетері, турнирдің ширек финалына 40-тан астам команда өтіп, Қазақстан құрамасы он боксшымен бірінші орынды иеленді. Осылайша Қазақстан сегіз боксшысы бар Ресейді, келесі кезеңге алты спортшысы өткен Өзбекстан, АҚШ және Кубаны басып озды.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар
0