Қоғам

Аймағамбетов Нұр-Сұлтандағы оқиғадан кейін мектептерде тексеріс жүргізілетінін айтты

© Sputnik / Владислав ВодневМинистр образования и науки Аймагамбетов Асхат Канатович
Министр образования и науки Аймагамбетов Асхат Канатович - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.11.2021
Жазылу
Білім министрлігінің басшысы мектеп әкімшілігіне оқушылардың қауіпсіздігін толық қамтамасыз етуге жеткілікті уақыт пен қаражат бөлінгенін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 2 қараша – Sputnik. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қараша айының екінші жартысында еліміздегі мектептерде республикалық тексеріс жүргізілетінін мәлімдеді.

Отырыс барысында министр 58-ші мектепте болған оқиғаны еске түсірді. Қазан айының басында коронавирус вакцинасына қарсы белсенді Айна Бакеева мен оның серіктестері мектепке кіріп, жанжал шығарған болатын.

"Біз осындай жағдайлар үшін күзет қоюға арнайы тапсырма бердік. Болған жағдай мәселенің толық шешілмегенін көрсетті. Сондықтан қарашаның екінші жартысында қосымша республикалық тексеріс жүргізіледі. Қажетті уақыт берілді, қаражат бөлінді, проблеманы шешуге мүмкіндік бар. Тағы да қайталаймын, ең маңызды мәселе – балалардың қауіпсіздігі", - деді министр.

Айта кетері, әлеуметтік желіде тараған видеода бірнеше әйел мектеп оқушыларына білім мекемесінде вакцина салынып жатқанын айтқан, ролик ата-аналар чаттарын дүрліктірді.

Елорданың білім басқармасы 58-ші мектептің директоры оқиға кезінде орнында болмағанын хабарлады. Ол қалалық әкімдіктегі жиналысқа кеткен. Оқиғадан кейін мектеп әкімшілігі Айна Бакеева мен мектепке баса-көктеп кірген басқа да әйелдердің үстінен шағым түсірді. Айтуларынша, олар күзетші мен медицина қызметкерін ұрып-соғып, жалған ақпарат таратқан.

Оқи отырыңыз:  

Жаңалықтар
0