Қоғам

Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы тұрақты әуе қатынасы қалпына келеді

© Photo : Авиакомпания Air Astana Air Astana
 Air Astana - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.11.2021
Жазылу
Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компанияларының сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады

АЛМАТЫ, 1 қараша — Sputnik. Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы тұрақты әуе қатынасы қалпына келеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мұндай шешімді Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясының пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия қабылдады.

Air Astana Шри-Ланкаға тікелей рейстер ашады

2021 жылдың 7 қарашасынан бастап "Эйр Астана" әуе компаниясы Embraer Е190 – Е2 әуе кемесі арқылы бейсенбі және жексенбі күндері аптасына 2 рейспен Алматы-Баку бағытында ұшуды жоспарлап отыр.

Сонымен қатар "Әзірбайжан Хава Йоллары" әуе компаниясы 2021 жылдың 6 қарашасынан бастап А – 319 әуе кемесі арқылы сенбі күндері аптасына 1 рейспен Алматы-Баку бағытында ұша бастайды.

Әзірбайжанмен арадағы әуе рейстерінің санын арттыру эпидемиологиялық жағдайға, ведомствоаралық комиссияның шешіміне және Әзірбайжанның тиісті мемлекеттік органдарының шешімдеріне байланысты қабылданады.

Қазақстан мен Ресей арасында әуе рейстерінің саны артады

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компанияларының сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.

Айта кетері, бұған дейін Қазақстан мен Литва арасында әуе қатынасы ашылатыны хабарланды. Литва мен Қазақстанның азаматтық авиация басшылығы арасында Нұр-Сұлтан – Вильнюс және Алматы – Вильнюс тұрақты бағдарын ашу мәселесі бойынша келіссөздер өтті.

Бағдар операторы ретінде Wizz Air венгриялық әуе компаниясын бекіту жоспарланған. Рейстер 2022 жылдың бірінші тоқсанында іске қосылады.

Сондай-ақ Қазақстан мен Башқұртстан астаналары арасында тікелей әуе қатынасын ашу мүмкіндігі қарастырылып жатыр

Жаңалықтар
0