Экономика

Air Astana Шри-Ланкаға тікелей рейстер ашады

© Photo : Авиакомпания Air AstanaAirbus 321LR авиакомпании Air Astana
Airbus 321LR авиакомпании Air Astana - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.10.2021
Жазылу
Шри-Ланкаға аптасына екі рет рейстер орындалады. Алматы – Коломбо рейсінің ұзақтығы 6 сағат 30 минут, кері рейс 6 сағат 40 минут болады

АЛМАТЫ, 28 қазан – Sputnik. Air Astana әуекомпаниясы 2021 жылдың 3 желтоқсанынан бастап Шри-Ланкаға (Цейлон) тікелей тұрақты рейстерді бастайды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Жаңа рейстер санитарлық талаптар жеңілдеуіне байланысты ашылды. Ұшақтар Шри-Ланканың негізгі әуежайына – Моратува мен Галле курортына жақын орналасқан Бандаранаикеге қонады.

Қазақстаннан ұшақтар аптасына екі рет, сейсенбі және жұма күндері ұшады.

Рейстер жайлы Airbus A321 LR әуе кемесінде орындалады. КС 167 рейсі Алматыдан сағат 05:30-да ұшып, Коломбоға сағат 11.30-да жетеді.

КС168 кері рейсі Коломбодан сағат 12:30-да ұшып шығады, Алматыға сағат 19:40-та келеді.

Алматы – Коломбо рейсінің ұзақтығы 6 сағат 30 минут, кері рейс 6 сағат 40 минут болады.

Әуежай, отын және басқа да алымдарды қосқанда екі жаққа ұшу эконом-класс билеттерінің құны 220 мың теңгеден басталады.

Шри-Ланкаға бару үшін не қажет

Шри-Ланкаға бару үшін барлық жолаушы ұшуға дейін 72 сағат ішінде жасалған ПТР тестінің теріс нәтижесін көрсетуі қажет. Анықтама 2 жастан асқан балаларда да болуға тиіс.

Жолаушылар (балалардың орнына да) денсаулық жағдайы туралы декларация парағын толтырады.
Визаға өтініш беру үшін www.eta.gov.lk сайтына кіру керек.

Вакцина салдырған жолаушылар ұшу кезінде ПТР анықтамасы және басқа да карантин талаптарынан босатылады.

Шри-Ланкаға кіретін барлық вакцина салдырмаған саяхатшылар үшін карантин кезеңі - 14 күн. Ол карантин орталығында немесе 1-деңгейлі Safe&Secure карантинге арналған қонақүйде өтеді.

Жаңалықтар
0