Өңірлер

Қарағанды тас жолында автобус өртеніп кетті

© AFP 2024 / ENRIQUE CASTRO Горящий автобус, иллюстративное фото
Горящий автобус, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.11.2021
Жазылу
Алдын ала болжам бойынша өрттің шығуына электр сымының қысқа тұйықталуы себеп болған

НҰР-СҰЛТАН, 1 қараша – Sputnik. Қарағанды-Егіндібұлақ тас жолында автобус өртенді.

Автобус вахта жұмысшыларын тасымалдаған. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, жолаушылар мен жүргізуші көліктен шығып үлгерді. Зардап шеккендер жоқ.

Өртенген автобустың суреті әлеуметтік желіде пайда болды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Karaganda | Караганда (@karaganda.city)

"31 қазан 15:46-да Қарқаралы ауданында "Қарағанды-Егіндібұлақ" тас жолының 30-шы шақырымында автобустың өртенгені туралы хабарлама келді. Автобустың өртенген жалпы аумағы 24 шаршы метр. Өрт 17:37-де сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ", - деп делінген облыстық ТЖД хабарламасында.

Алдын ала болжам бойынша өрттің шығуына электр сымының қысқа тұйықталуы себеп болған.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0