НҰР-СҰЛТАН, 31 қазан – Sputnik. Атырауда трагедия болды: үйде тығылмақ ойнаған бала тоңазытқыштың артына жасырынған, оны тоқ соқты, деп хабарлайды atpress.kz.
"Шұғыл көмек пултьіне 14.45-те қоңырау түсті. Бригада оқиға орнына 14.51-де жетті. Алайда ұл бала жедел жәрдем келгенше көз жұмған. Оның денесінен жарақат ізі байқалған жоқ. Мәйіт сараптамаға жіберілді, тексеріс жүріп жатыр", - делінген полиция департаментінің хабарламасында.
Атырау облысы ПД-ның алдын ала ақпаратынша, 2011 жылғы бала үйде тығылмақ ойнап жүріп, тоңазытқыштың артына жасырынған. Сол кезде оны тоқ соққан.
Полицияға қайғылы оқиғаның мән-жайын баланың әжесі хабарлады.
Оқи отырыңыз:
"Бір сағат ойнап келеміз": үш бала көз жұмған Атырау облысындағы өрттің мән-жайы