Өңірлер

Ата-анасы сыртта жүрген: Батыс Қазақстанда көпбалалы отбасында қайғылы оқиға болды

© Photo : nikolabelopitovРужье, иллюстративное фото
Ружье, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.07.2021
Жазылу
Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі оқ баланың мойнына тигенін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 22 шілде – Sputnik. Батыс Қазақстан облысындағы ауылда он бір жастағы оқушы абайсызда өзін-өзі атып өлтірді, деп хабарлады Mgorod.kz.

Трагедия 16 шілдеде Бөкейорда ауданының Бисен ауылында болды, деп хабарлады аудан әкімдігі.

"Отбасының тұрмысы жақсы. Отағасы шаруа қожалығымен айналысады, төрт баланы тәрбиелеп отыр. Қайғылы жағдай дәл қалай болғанын біз айта алмаймыз", - деп түсініктеме берді Бөкейорда ауданы әкімдігінің өкілі.

Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі оқ баланың мойнына тигенін атап өтті.

Бұл уақытта ата-анасы үйде болмаған.

Бала жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмды, деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. Биыл оқушы 6-сыныпты аяқтаған.

Оқталмаған деп ойлаған: Петропавл тұрғыны тапаншамен алдымен досын, кейін өзін атып салды

Бұған дейін полицейлер қару-жарақты қолдану ережесін еске салған: қаруды оқтап қоюға болмайды, оны ешқашан адамға кезенбеңіз, оқ ататын ойыңыз болмаса, мылтықтың тартпасына саусағыңызды тигізбеңіз, балалардан аулақ ұстаңыз.  

 

Жаңалықтар
0