НҰР-СҰЛТАН, 30 қазан – Sputnik. Атақты кеңес және ресейлік теле және радиожүргізуші Игорь Кириллов 90 жасқа қараған шағында дүниеден озды, деп хабарлайды РИА Новости Бірінші арнаға сілтеме жасап.
"Біздің эфирге аз уақыт қалғанда қаралы хабар жетті. Бүгін Игорь Леонидович Кириллов өмірден өтті. Біздің аты аңызға айналған әріптесіміз, жолдасымыз, көбісінің нағыз ұстазы",— делінген хабарламада.
Диктордың неден қайтыс болғаны нақтыланбаған.
Игорь Кириллов 1932 жылы 14 қыркүйекте Мәскеуде дүниеге келді. 1957 жылдан телевизияда жұмыс істей бастады. Жиырма жылдан астам уақыт "Время" бағдарламасының дикторы болды, Қызыл алаңдағы парадтардың трансляциясын жүргізді.
1968 жылдан 1989 жылға дейін Бірінші арнада диктор бөлімін басқарды.
1968 жылы Кирилловке РКФСР еңбек сіңірген әртісі, ал 1982 жылы халық артисі атағын берді. 1988 жылы ол КСРО халық әртісі атанды. 2001 жылы Кириллов "Человек-эпоха" құрметті титулын алды.