"Барыс" броньды техникасы жете бағаланбай отыр ма

© Sputnik / Болат Шайхинов / Медиабанкке өтуВыставка вооружения KADEX в Астане
Выставка вооружения KADEX в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.10.2021
Жазылу
Қару-жарақ жеткізуде көпвекторлы әртараптандыру және ҰҚШҰ-мен тату емес НАТО елдерімен әскери-техникалық ынтымақтастық броньды техника паркінің соғысқа дайындығына кері әсер етіп, Қазақстан Қарулы күштерінің соғысу қабілетін төмендетеді

Ауғанстандағы ахуалдың ушығуына байланысты қыркүйек-қазанда Қазақстанның қорғаныс министрлігі "Қарулы күштерді модернизациялау" ұлттық жобасы аясындағы іс-қимылды күшейтіп, әскери және әскери-техникалық саладағы ТМД елдері және алыс шет мемлекеттермен байланысты нығайтып, келісімдерді ұлғайта бастады. Армияны қайта қаруландыру, жеткізулерді әртараптандыру жалғасып жатыр. Алайда кадрларды "көпвекторлы" сипатта даярлау байқалады.

Қазақстанның бір уақытта ҰҚШҰ жәнее НАТО-мен әскери және әскери-техникалық ынтымақтастығы елдің қорғаныс қабілеті үшін қауіпті қайшылық болуы мүмкін. Бұл Қазақстан қорғаныс министрі Мұрат Бектановтың 2021 жылдың 19 қазанында "Казахстанская правда" газетінде жарық көрген мақаласындағы "сыни ойлау мен заманауи техника және қару-жарақпен жұмыс істеуге" ешқандай ықпал етпеуі ықтимал.

Әскери мектеп шектеулі тактикалық әдістер мен қарулар арқылы белгілі бір қарсыласты жою бойынша нақты білім береді. Соғыс даласындағы көпвекторлы білім көпвекторлы тактикаларға, "дос-жауды" анықтауда құбылуға аылп келеді. Кез келген әскери маманға бір-біріне ұқсамайтын – ресейлік, америкалық, түрік, италиялық төрт түрлі мектепте тәрбиеленген қазақстандық офицерлердің штабтағы өзара әрекеттесуін елестетудің өзі қиын.

Танк Т-72Б3 команды армии Казахстана на первом этапе Индивидуальной гонки Танкового биатлона - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.02.2021
Әлем
Әскери техника мүмкіндігі бойынша елдер әлеуеті сөз болды

Қарулы күштері қаруының үйлесімділігі де маңызды рөл атқарады. Ал бұл қазір ең күрделеніп бара жатқан мәселеге айналды. Себебі ол бір ғана қару түрі емес, ол жауынгерлік қолдану, барлау және нысананы белгілеу, байланыс, құрлықта, теңізде және әуеде соққы жасаушы қаруды бағыттау жүйелерінің үлкен бір жиынтығы болып отыр. Одақтастардың жүйелерімен үйлесімділігі өзінше бір төбе мәселе.

Отандық заманауи броньды техниканы қолдану тиімділігінің нақты мысалы түрінде Қазақстан Қарулы күштерін модернизациялау проблемасын қарасырайық.

Қазақстандың қорғаныс-өнеркәсіптік кешен кәсіпорындары әлмедік үлгілерден еш кем түспейтін жаңа әзірлемелер мен елеулі технологиялық әлеуетке ие. Мысалы, "Аңсар" жауынгерлік модулі бар "Барыс" броньді тасымалдаушысы. Сондықтан түріктердің ARMA 8x8 броньды тасымалдаушысын ұзақ уақыт сынақтан өткізуі мен міні көп осы машинаны қазақстандық армияның қаруы қатарына қабылдауы ақылға сыймайды.

Біраз бұрын Sputnik Kazakhstan Paramount Engineering (КPE) дайындаған "Барыс" 8х8 броньді тасымалдаушысы және оның бірқатар сипаты бойынша түрік аналогынан басымдығы туралы жазды. Алайда сол уақыттан бері "Барыс" тағы жетілдірілді: оның оқ-дәрі қоры артты, аязға төтеп беретін микросызбамен толықтырылды. Бірақ жақын болашақта әскер мұны жете бағаламауы мүмкін.

Мүмкіндігі жағынан әлдеқайда нашар саналатын түріктердің Otokar ARMA броневигі әлдеқайда табысты болып отыр – Қазақстан түрік броньды тасымалдаушысын толық сынақтан өткізуді аяқтады да, қазірдің өзінде Түркиядан денсант-шабуылдау құрылымдарының біріне арналған Cobra броньді автомобильдерін сатып алды.

Сонымен қатар КРЕ қорғаныс кәсіпорнының мамандары қазанда дөңгелек формуласы 8х8 және "Аңсар" жауынгерлік модулі бар "Барыс" броньды тасымалдаушысының сынағын сәтті аяқтады. Машина Қазақстан территориясы арқылы ашамамен 25 мың километр жүріп өтті – ол барлық өңірде және минус 400-тан плюс 50 градусқа дейінгі күрделі климаттық жағдайда қашықтықты еңсерді. Соғыс модулі 30 миллиметрлік 60 мың снаряд пен 7,62 миллиметрлі 2500-ге жуық патрон, сондай-ақ "Туча" (түтінді кедергі) жүйесінің 20 снарядын атты. Айта кету керек, броньді тасымалдаушы MRAP (минаға қарсы күшейтілген машина) жаңа стандарты мен технологиясы бойынша дайыдалған. Бұған дейін Қазақстан армиясында мұндай техника болған емес.

КРЕ инженерлері мен конструкторлары жаңа үш соғыс модульін дайындады: "Барыс" броньды тасымалдаушы үшін "Ансар", "Арлан" броньды дөңгелекті машинасы үшін "Сұңқар" және "Тұран" зеңбіректі теңіз модулі. Бұл үшеуі де "Шұғыла" бірыңғай платформасына орналасады. Бұл бірыңғай бағдарламалық жасақтамасы бар оқ атуды басқарудың біріздендірілген жүйесі. Қазақстанның қорғаныс министрлігі осындай 93 машинаға қажеттілік бар екенін айтты. Алайда оларды қарулануға қабылдау туралы шешім мотивацияға байланысты болып отыр.

Қалай болғанда да түріктердің ARMA броньді тасымалдаушысы көненің көзіндей ескірген техника. Сондай-ақ, "Аселсон" түрік компаниясының соғыс модулін 2019 жылы Қазақстанның қорғаныс министрлігі мамандары сынап көріп, оны жарамсыз деп таныды.

Әйтсе де Қазақстан посткеңеестік елдер ішінде ресейлік өндіріс қаруын сатып алатын ең ірі импорттаушы болып отыр. Жеткізулерді шамадан тыс әртараптандыру броньды техниканың жөндеуге жарамдылығын, техникалық дайындығын және Қазақстан Қарулы күштерінің соғысу қабілетін едәуір бәсеңдетеді. Сондай-ақ бұл мәселеде НАТО елдерімен, ең алдымен – Түркиямен әскери және әскери-техникалық ынтымақтастық та кері әсер беруі ықтимал.

 С-400 Триумф - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.09.2021
Қоғам
Өскемен көшесіндегі әскери техника тұрғындардың үрейін ұшырды - видео

Қазақстан пен Пәкістанның 2022 жылға арналған әскери ынтымақтастығы жоспарына 28 қазанда қол қойылды және ол жауынгерлік дайындық бойынша бірлескен іс-шараларды, әскери білім жобаларын және тағы басқаны қамтиды. Дәл сол күні Қазақстанның қорғаныс министрлігі Ұлыбританияның әскери атташесі Роберт Бакстерді қабылдады, ал Алматыдағы әуежайда Boeing C-17 Globemaster III әскери-көлік ұшағы қонды. Мұндай ұшақтар АҚШ, Австралия, Ұлыбритания, Канада, Катар, Біріккен Араб Әмірліктері, Кувейт әскери-әуе күштерінде қолданылытаны белгілі.

Сол сияқты 26 қазанда Қазақстан мен Түркияның әскери жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойылды. Яғни қазақстандық офицерлер тек өз елінде ғана емес, енді Ресейде, Италияда немесе АҚШ-та білім ала алады.

Қазақстан қорғаныс министрлігі 22 қазанда өңірлік қауіпсіздікке төнген қауіпке қарсы әрекет ету бойынша Қырғызстанға әскери мүлік берумен 22 қазанда айналысты. Дәл осы күні Қазақстан Беларусь Қауіпсіздік Кеңесі өкілдерімен әскери білім саласындағы тәжірибесімен бөлісті.

20 қазанда Қазақстан мен Италия бітімгершілік, әскери білім беру, сондай-ақ теңіз аймағындағы 2022 жылға арналған әскери ынтымақтастық жоспарына қол қойды.

Қазақстан Қарулы Күштерінің арнайы бөлімшелері 18-23 қазан аралығында Тәжікстанның Харбмайдон полигонында шекарадағы қарулы қақтығысты оқшаулау операциясы бойыынша ҰҚШҰ бірлескен оқу-жаттығулар сериясына қатысты.

Осы секілді Қазақстан қорғаныс министрінің Үндістанның Қазақстандағы елшісі Шубхдаршини Трипатхимен кездесуін, Франция қорғаныс зерттеулері мамандарымен әскери жабдықтауды талқылауларын, күні кеше тұңғыш преезидент Нұрсұлтан Назарбаевтың Біріккен Араб Әмірліктері мұрагер ханзадасы және елдің қарулы күштерінің бас қолбасшысы Заид Әл Нахаянмен кездесуін де атап қтуге болады.

Қазақстанның әскери өзара әрекеттестігі өңірде ҰҚШҰ мен НАТО арасындағы тепе-теңдікті ұстап тұруға ұмтылыс ретінде көрінеді. Бірақ бұл осы аталған екі ұйымның да стратегиялық мүдделері және мақсаттарына сәйкес келмейді. Оған дәлел ретінде "көпвекторлық" аса жиі айтылған Беларусь пен Украинадағы жақында болған жағдайды айтуға болады.

Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы.

Жаңалықтар
0