НҰР-СҰЛТАН, 9 қыркүйек — Sputnik. Өскемен қаласының тұрғындары әскери техника тиеген жүк көліктерінің видосын әлеуметтік желіге жүктеп жатыр. Тұрғындарды үрейлендірген кадрға қатысты әскерилер түсініктеме берді, деп хабарлайды yk-news.kz.
Қорғаныс министрлігінің сайтындағы ақпаратқа сәйкес, Қарулы Күштердің бөлімдері мен құралымдарында жауынгерлік оқудың жаңа кезеңі – батальондық тактикалық топтарды даярлау басталды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Батальондық тактикалық топтардың құрамындағы сабақтарға 70 сағаттан астам уақыт бөлінеді. Осы сабақтар барысында шабуыл жасау және қорғану тақырыптары, арнайы әскери іс-қимылдар жүргізу, ауданды оқшаулау жөніндегі тапсырмаларды орындау, іздестіру іс-қимылдарын жүргізу, заңсыз қаруланған топтарды жою, маңызды объектілерді күзету, мемлекеттік шекара күзетін күшейту зерделенеді. Батальондық тактикалық топтың оқу-жаттығуы оқудың соңғы кезеңі болып табылады", – деді Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-майор Талғат Қойбақов.
Өскемендегі әскери бөлім басшылығы да бұл ақпаратты растады. Семей горнизонының "Шығыс" полигонында 9-23 қыркүйек аралығында өтетін бригадалық-тактикалық оқу-жаттығуларына қатысу үшін жеке құрам және әскери техника сол жаққа жеткізіледі.
Видеоға 27943 әскери бөліміні техникасын полигонға жөнелту сәті түсірілген.
Оқи отырыңыз: Қазақстанның ауасы ең лас қалалары аталды