Қоғам

Павлодар облысының бұрынғы әкімі Бақауов сотқа жазған өтінішінен бас тартты

© Sputnik / Ксения ВоронинаАким Павлодарской области Булат Бакауов
Аким Павлодарской области Булат Бакауов - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.10.2021
Жазылу
Болат Бақауов жиенінің салық төлеуден жалтарған фирмасының қаржылық мүддесін қолдағап, сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін сотталды

АЛМАТЫ, 29 қазан – Sputnik. Павлодардың №2 қылмыстық сотында Павлодар облысының бұрынғы әкімі Болат Бақауовтың шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініші қаралды, деп хабарлайды Sputnk Қазақстан.

Бірақ сот отырысы басталмас бұрын күтпеген жаңалық жетті: Бақауов мерзімнен бұрын босату туралы өтінішхатын қайтарып алған. Сот Бақауовтың бұл өтінішін қанағаттандырды. Алайда өтінішті қайтарып алу себебі хабарланбады.

2020 жылдың мамырында Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов жиенінің салық төлеуден жалтарған фирмасының қаржылық мүдделерін қолдауға байланысты сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін сотталды.

Бұрынғы әкім кінәні толық мойындады және лауазымын асыра пайдаланғаны үшін 3 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу жазасын алды.

Болат Бақауовтың өмірбаяны

Болат Жұмабекұлы Бақауов 1971 жылы Павлодар облысы Железин ауданы Новокузьминка ауылында дүниеге келген. Үйленген, бес баласы бар.

2003 жылы Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын және 2005 жылы Халықаралық бизнес академиясын тәмамдаған. 2016 жылы экономика және бизнес магистрі мамандығы бойынша магистратура аяқтады.

Қызмет жолын 1988 жылы Железин ауданы "Советский Казахстан" совхозының жұмысшысы болып бастаған.

2008 жылы желтоқсанда Павлодар облысы Қашыр ауданының әкімі, 2011 жылы қазанда Ақсу қаласының әкімі болды. 2014 жылдың сәуірінен 2016 жылдың наурызына дейін Павлодар қаласының әкімі қызметін атқарды.

2016 жылдың 25 наурызынан бастап Павлодар облысының әкімі болды.

"Құрмет" орденімен, "Ерен еңбегі үшін", "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл", "Қазақстан Республикасының конституциясына 20 жыл" медальдарымен марапатталған.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0