Қоғам

Павлодар облысының қамауда отырған экс-әкіміне қатысты тың дерек шықты

Жазылу
Бұрынғы басшы Болат Бақауовқа қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы үйқамаққа ауыстырылды

НҰР-СҰЛТАН, 19 ақпан – Sputnik. Павлодар облысының бұрынғы әкімі Болат Бақауов үйқамаққа жіберілді, деп хабарлайды Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі.

Павлодардың мамандандырылған тергеу соты 18 ақпанда ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің бас тергеушісі, жедел тергеу тобы басшысының қолдаухатын қанағаттандырды.

Қолдаухат бас прокуратураның қылмыстық қудалау қызметінің бастығымен келісілген.

Сот қаулысымен бұрынғы әкім Болат Бақауовқа қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы үйқамаққа ауыстырылды.

Болат Бақауов не үшін ұсталды

15 қаңтарда ұлттық қауіпсіздік комитеті Павлодар облысының бұрынғы басшысы Болат Бақауовқа қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеген болатын. Сотқа дейінгі тергеу барысында оны қамауда ұстау туралы шешім қабылданды.

Тағы оқыңыз: Павлодар облысының әкімі тағайындалды

Бақауовқа қылмыстық кодекстің 362-бабы 4-бөлімі 3-тармағы (Лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану) бойынша айып тағылды. Бұл бапқа сәйкес, жеті жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Жаңалықтар
0