НҰР-СҰЛТАН, 29 қазан – Sputnik. Орал қаласында жауыздықпен адам өлтірген күзет агенттігінің қызметкерлері 17 жылға сотталды, деп хабарлайды Astana TV арнасы.
Ал ішке кіргісі келмегеннен кейін аяусыз соққыға жықты. Қуаныш олардан қашып құтыламын деп, темір қоршаудан секіріп өтпек болды. Бірақ күзектшілер оны қуып жетіп, төменге түсіруге тырысқан. Сол кезде оны ауыр соққыға жығып, қолын жұлып алып, көзін шығарды.
Бірақ күзетшілер жігіттің ауыр жараланып, қансырағанына қарамастан, ұрып-соғуды жалғастырады. Есінен танған жәбірленуші сол жерде жан тапсырған.
Сотталған күзетшілердің туыстары сот үкімімен келіспеді. Олар жас жігіттердің 17-18 жылға сотталуы тым ауыр жаза деп, сот залында шу шығарды.
"Келіспеймін, мені қазір соттасаң да! Оның үстіне ол бала бір қызға бүйрегін берді. Кісі өлтіретін болса неге бүйрегін береді? Оның соталмағанын неге ескермедіңіздер?", - дейді сотталушының туысы Мәншүк Хаймушева.
Сотта күзет агенттігінің қызметкерлері жұмыс кезінде мас болғандарын да мойындапты. Енді олар марқұмның туыстарына 15 миллион теңге моральдік шығын төлеуге тиіс. Ал жәбірленуші тарап кінәлілердің өмір бойына бас бостандығынан айрылуын талап етіп отыр.
"Қонысқали толық тынышталсын деп бір-екі шапалақпен жәбірленушінің бетінен ұрғанын мойындады. Шын жүректен өкінді. Сотталған Әділов пен Кафизов өздеріне тағылған айыпты толық мойындаған жоқ, ақтау үкімін сұрады", - дейді судья Шара Зайнуллина.