Әлем

Еуропадағы русофобияның себебі неде

© Sputnik / Максим Блинов / Медиабанкке өтуАмстердам. Архивное фото
Амстердам. Архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.10.2021
Жазылу
Еуропаның Ресейге шүйлігіп, оны жау көруіне жиырма жыл уақыт қажет болды. Бұрын Еуропа Ресейге қамқорлық танытып, қажетті-қажетсіз гуманитарлық көмек жолдап отыратын

НҰР-СҰЛТАН, 28 қазан — Sputnik. Кеден қызметкерлерінің жүк сөмкесіндегі SVO (Мәскеу, Шереметьево) аббревиатурасы күдікпен қарауы, "ЕО Sputnik V вакцинасын тіркеу үшін орыстар тиісті құжатты жолдамай отыр" деген айыптау, Еуропаға газ арқылы қысым көрсетілуде деген жала, Еуроодақ елдерінде RT журналистерін қудалау – осының барлығы Еуропаның русофобия бағытында қабылдап жатқан іс-әрекетінің нәтижесі, деп жазды РИА Новости.

Еуропаның Ресейге шүйлігіп, оны жау көруіне жиырма жыл уақыт қажет болды. Біраз уақыт бұрын қарым-қатынас қандай еді? Еуропа Ресейге қамқорлық танытып, қажетті-қажетсіз гуманитарлық көмек жолдап отыратын.

Еуропадағы энергетика дағдарысына кім кінәлі – сарапшы пікірі

Сонымен қатар Еуропа орыстарды өздерін барлығына кінәлі, өз елінде ГУЛАГ құрып, барлығын қырып-жойған ең жауыз халық деп сендіріп келді. Мұның барлығы Батыс өзін қырғи-қабақ соғыста жеңімпаз деп жариялағаннан кейін болып жатты.

Сол шақта Батысқа қарай бет бұрып, онымен одақтасып, ынтымақтастық орнатқандар көп болды. Алайда Ресей өз бағытын таңдады. Себебі ол саналы түрде елде аласапыран орнатуды көздейтіндерден бойын аулақ ұстауға тырысты.

Елде бей-берекетсіздік туғызуды қалайтындар өздерінің жарық кеңселерінде отырып, орыс жеріндегі ресурсты мейлінше төмен бағада қолға түсіруді қалады.

Ресейдің "либералды" қоғамы Мадрид пен Флоренциядан қайтқанда сол өңірдегі тамаша өмір жайлы аузының суы құрып әңгімелегенімен, бұл мәселеге тереңірек үңілуге тырыспады. Геологиялық жағдай бойынша барлық табиғи ресурстан қол үзген Еуропаның өркениеті отаршылдыққа негізделген.

Ресей көмірі неліктен Еуропаға қымбатқа түсіп жатыр

Шағын ғана саяси ауытқушылық бай құрлықтың астаң-кестеңін шығара алды: кем дегенде 70-жылдардың басындағы мұнай эмбаргосын еске түсіру жеткілікті.

Бірақ Еуроодақ пен ұйымға мүше болуды және кіші серіктес құқығымен оның қол астына кіруді қалаған сателлиттер де Ресеймен тату қарым-қатынасты жалғастырып, жылы сөйлеуді доғармады. Ал Ресей сол сөздерге сенді. Бірақ іс жүзінде бәрі басқаша болды.

Мыңжылдық қарсаңында табиғи ресурстар үшін тартыс басталатынын барлығы жақсы түсінді. Алайда батыс шикізат саудасынан түскен қаражатты орыстар заманауи армия құруға жол құрылысына, қалаларды ретке келтіруге, қауіпсіздік доктринасын дайындауға жұмсайды деп күтпеді.

Дәл осы шақта бұрынғы сыпайы Еуропа Ресейге ашумен, қызғанышпен қарай бастады. Ұжымдық Батыс өз айтқанына көнбеген және ырқына жығылмаған Ресейді жек көріп кетті деуге болады. Бұл жек көрініш күні бүгінге дейін сарқылған жоқ.

Қымбатшылық қысып тұр: Еуропа елдерінің жағдайы не болып жатыр

Қазір Ресейді өзін-өзі ұлт ретінде сақтап қала алғаны үшін, тұрақсыз әлемде біртіндеп, кейде қателікке ұрынса да, өз жолын таба алғаны үшін, қазір қиын ауыр қақтығыстар мен дауды шешуге атсалысатын мемлекетке айналғаны үшін жек көреді.

Ресей өзінің құндылықтар жүйесін қорғап, әлем мен болашақтағы жаңа сын-тәуекелдерге ашықтықты сақтап қала алды. Себебі Ресей кімді қорғап жатқанын және сол мақсатта қандай іс-шаралар қабылдап жатқанын жақсы біледі.

Ал русофобияға келсек, кезінде серіктес болған мемлекеттердің Ресейде жақтырмайтыны өкінішті болғанымен, әркімнің өз ісі мен бағыты бар екенін ұғыну керек.

Жаңалықтар
0