Өңірлер

Алматыда депоның орнына салынатын хаб құрылысы неге тоқтап тұр

© Sputnik / Тимур БатыршинАлматы
Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.10.2021
Жазылу
Өткен жылғы эпиедмиялық жағдайға байланысты құрылыс жұмыстары тоқтатылып, 2021 жылдың басында қайта жанданды

НҰР-СҰЛТАН, 28 қазан — Sputnik. Алматыдағы бұрынғы трамвай депосының аумағындағы Depo Evolution Park құрылысы уақытша тоқтатылды.

Жоба 2022 жылдың соңында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Бұл туралы брифинг кезінде Алматы қаласының қолайлы қала ортасы басқармасының басшысы Сапар Нұрашев мәлімдеді.

Спикердің айтуынша, бұл жобаны жүзеге асыру 2019 жылы басталды. Өткен жылғы эпиедмиялық жағдайға байланысты құрылыс жұмыстары тоқтатылып, 2021 жылдың басында қайта жанданды. Алайда құрылыс қайта тоқтап тұр. Бұл жолы оған жобаға енгізілетін өзгертулер себеп болды.

"Бұл нысанның тұжырымдамасы – жастар орталығы, шығармашылық хаб. Бұл жоба креативті индустрияны дамыту аясында салынуда. Қазіргі уақытта тоқтап тұр. Биылғы жылы материалдардың қымбаттауына байланысты 52 жобаны түзетуге жіберуге мәжбүр болдық. Себебі ол жобаларды бағаның көтерілуіне байланысты аяқтау мүмкін болмай қалды. Сондықтан олар түзетілуде. Соның ішінде Depo Evolution Park та бар", - деді Сапар Нұрашев.

Алматы қаласының қолайлы қалалық орта басқармасының басшысы түзету бойынша барлық жұмысты жыл соңына дейін аяқтау жоспарланып отырғанын айтты. Құрылыс 2022 жылдың басынан қайта жанданып, жыл соңында аяқталады.

"Бұл әртүрлі функционалдығы бар үй-жайлар орналасатын креативті хаб. Онда негізінен шеберханалар мен көрме павильондары орналасады. Бұл осы форматтағы нысан. Яғни, оны жалға беру және коммерциялық пайда көру жоспарланбаған. Біз қолайлы қалалық ортаның басшылығы ретінде бұл ғимаратты салып, әрі қарай тапсырамыз. Менің білуімше, бұл нысанды басқаратын басқарушы компания болады. Бірақ бұл нысанның коммерциялық болмайтыны анық", - деп түсіндерді Сапар Нұрашев.

Еке салсақ, бұрынғы трамвай депосының территориясында "АК Construction Company" ЖШС 2,235 миллиард теңгеге Depo Evolution Park құрылысын бастаған болатын.

Біраз уақыт бұрын мұнда жастар орталығы жұмыс болатыны туралы ақпарат тарады. Жоба бойынша мұнда арт-шеберханалары мен зертханалары, өндірістік шеберханалар, оқу сыныптары, шоурум, қолөнер студиялары, кино-дәрісхана залы, көркем сурет студиясы, балалар орталығы, коворкинг, кітапхана, оқу залы сынды нысандарды ұйымдастыру жоспарланып отыр. Жоба мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында инвесторлармен бірлесіп жүзеге асырылуда.

Оқи отырыңыз: Алматыда LRT және BRT құрылысы қашан аяқталады

 

Жаңалықтар
0