05:30 18 Қыркүйек 2021
Тікелей эфир
  • USD425.30
  • EUR501.05
  • RUB5.85
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
223 0 0

Алматыда қоғамдық көлікке арналған жүрдек жолақтардың құрылысы жақын арада жалғасады. Осы жобаның негізінде Талғардан Алматыға дейін электричка іске қосылады

АЛМАТЫ, 7 желтоқсан – Sputnik. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қалада жүрдек автобус жолағы желісі (BRT) мен жүрдек трамвай желісі (LRT) жобасы қашан аяқталатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"BRT бойынша Желтоқсан, Төле би көшелерімен жүріп өтіп, Шығыс айналма жолына шығып кету бағыты жұртшылық талқылауына түсті. Ол жерде атқарылған іске қатысты түрлі пікір бар. Дегенмен, жұмысты бастамас бұрын жұртшылықпен талқыланады және сол пікірді ескере отырып, іске қосылады. BRT-ның екінші желісін жалғастыру бойынша негізгі параметрлер дайын тұр", - деді Сағынтаев.

Айтуынша, BRT жобасын талқылау кезінде Талғар жақтан келетін адамдар сол жерде басқа көлікке ауысуы үшін депо құру жоспарланған.

"Біз бір қызықты жоба бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Талғар-Алматы "электричкасын" іске қосу қажет. Қазірдің өзінде бұған қызығушылық танытқан жеке салымшы пайда болды. Жобаны іске асырғаннан кейін біз адамдарды Талғардан депоға дейін электричкада тасымалдай алар едік, ал ол жерден адамдар автобусқа отырып, BRT желісі арқылы қала орталығына жетіп алады", - деп түсіндірді Сағынтаев.

Соның арқасында Талғар бағытынан қалаға келе жатқан жолдағы кептеліс мәселесін шешуге болатынын айтып өтті.

Сағынтаевтың айтуынша, LRT құрылысында жол төсемін дайындау жұмыстары аяқталмаған.

"Желілерді тарту әлі де жалғасып жатыр.  Қазір біз қаржыландырудың қалай жүзеге асырылатын қарастырып жатырмыз. Бұл жерде бізбен бірге халықаралық қаржы ұйымдарының өкілдері жұмыс істеуде. Қазір қалалық бюджетке тиімді болуы үшін ортақ шешім іздеп жатырмыз", - деп атап өтті Алматы әкімі.

Айтуынша, егер кредит валютамен алынса, бюджетке жүктеме түседі.

"Мұның бәрі қарапайым мәселе емес. Сондықтан қандай да бір іс бастамас бұрын, оның қаржылық модельді толық зерттейміз", - деп нақтылады Сағынтаев.

Сондай-ақ, қала әкімі Алматыда "Батыс" және "Шығыс" жаңа автовокзалдарының құрылысы туралы айтты.

"Жұмыс тоқтаған жоқ. Бұрын "Саяхат" автовокзалы жұмыс істеген жерге кейбір жеке меншік иелері тарапынан қызығушылық пайда болды. Егер бірлесіп игеретін болсақ, олар жеке нысанның иесімен бірге осындай көлік орталығын құру бойынша жұмыстар жүргізе алар еді", - деді Бақытжан Сағынтаев.

Айта кетейік, осы жылдың ішінде Алматыда жол инфрақұрылымын дамыту аясында "Жаңа Алматының" ықшамаудандарында 42,8 шақырым жол салынды. Ұзындығы 192 шақырым болатын 270 көшеде орташа жөндеу жұмыстары аяқталды, 86 шақырым жаяу жүргінші жолы салынып жөнделді.

 

Тақырып бойынша

"Қынжылтатын жағдай": Алматы әкімі ағаштардың кесілуіне қатысты пікір білдірді
ҰҚК Алматыда бірлескен операция өткізді – видео
Үй ауласына бірнеше автопатруль жиналды: Павлодарда түсірілген видео желіні дүрліктірді
Өтпеген шараға 63 миллион теңге жұмсалды: Сағынтаев себебін түсіндірді
Коронавирусқа қарсы жаппай вакцинацияға дайындық басталды – Сағынтаев
Кілт сөздер:
Алматы
Загрузка...

Басты тақырып