Әлем

"Скиф алтыны" дауы шешімін тапты

© Sputnik / Айгерім Таубай, Тимур БатыршинАлматы музейі
Алматы музейі - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.10.2021
Жазылу
Киев экспонаттар Украинаның мемлекеттік меншігі болғандықтан, оларды өзіне қайтаруды талап етті. Қырым мұны рейдерлік басқыншылық әрекеті деп атады

МӘСКЕУ, 27 қазан – Sputnik. 2013 жылы Еуропа бұрын-соңды көрмеген Причерноморьядағы сирек кездесетін олжа, алтық бұйымдар, айрықша артефактілер Қырымдағы музейден Германия мен Нидерландыға аттанып, әлі күнге дейін отанына оралған жоқ. Осы мәселе бойынша сот бірнеше жылға созылды, деп жазды РИА Новости.

Бүгін сот үкім шығарды. Амстердамның апелляциялық соты скиф алтының Украина меншігі деп шешті. Бұл шешімді әлі де Нидерландыдағы Жоғарғы сотта даулауға болатыны айтылған.

Қазір 2013 жылы Бонн мен Амстердамдағы көрмеге жөнелтілген екі мыңға жуық айрықша бұйым Нидерландыда жатыр. "Қырым: Қара теңіз алтыны мен құпиясы" экспозициясында Еуропада бұған дейін көрсетілмеген заттар таныстырылды.

Олардың қатарында Бақсысарайы маңындағы Усть-Альма қорымнан табылған қытайлық лакталған қобдиша, скиф патшасы Скилурдың мазарынан табылған безендірілген алтарь, Керчь қаласының символы саналатын скифтердің жыланқұйрықты әйел құдайының мүсіні бар.

Ахмет Байтұрсынұлының музей-үйі - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.10.2021
Фото
Ахмет Байтұрсынұлы өмірінің соңында тұрған музей-үйінің қазіргі келбеті – фото

Қырым Ресейге қосылып, ал голландтық Аллард Пирсон музейіндегі көрме аяқталғанда экспонаттарды қайда қайтару керектігі туралы сауал туындады. Ресей де, Украина да экспонаттарды өзіне тиесілі деп санады.

Алайда Аллард Пирсон музейі сот шешімі шыққанға немесе мемлекеттер өзара келісімге келгенге дейін экспонаттарды екі тарапқа да қайтармау туралы шешім шығарды.

Киев экспонаттар Украинаның мемлекеттік меншігі болғандықтан, оларды өзіне қайтаруды талап етті. Қырым мұны рейдерлік басқыншылық әрекеті деп атады.

Амстердамның округтік соты 2016 жылдың желтоқсанында "Голландияның мәдени мұра туралы заңына сәйкес, қырымдық экспонаттар укарин билігіне қайтарылуы керек" деп қаулы шығарды.

Қырым музейлері адвокаттарын ауыстырып, апелляциялық инстанцияға шағымданды. Олардың талапарызы 2019 жылдың наурызында қарала бастады. Осы уақыт бойы скиф алтыны Аллард Пирсон музейінің жертөле ғимаратында шаң басып жатты.

Шығыс Қырым тарихи-мәдени музей-қорығы, Симферопольдегі "Таврид музейі", "Бақшасарай" тарихи-мәдени және археологиялық музей-қорығы және "Херсонес Таврический" археологиялық музей-қорығының ұстанымы берік. Олар алтынды қайтару керек деп санайды.

Мексикадағы ұлттық теңіз саябағы - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.04.2018
Фото
Әлемдегі ең тылсым музей: су астында қандай құпия жатыр?

Ресейлік саясаткерлер мен адвокаттар да осы ойды қолдап отыр. Ресей президентінің халықаралық мәдени ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі Михаил Швыдкой "ресейлік тарапты таныстыратын заңгерлер музейаралық келісімдер мемлекеттік сипаттағы пертурбациядан да жоғары мәнге ие деп санайтынын" айтты.

Ал Халықаралық орыстілді адвокаттар қауымдастығының вице-президенті Михаил Йоффе украин тарапының өкілі жартылай түбектің саяси және географиялық статусын өзгертуге тырысып жатқанын айтты.

Қарсыластар да табандылық танытты. Украин тарапының мүддесін қорғайтын адвокат Мартен Сандерс Киев қырымдық музейлермен арадағы дауда ешқандай мәмілені қарастырмайтынын жеткізді.

Сарапшылардың пікірінше, ол экспонаттарды Қырымда жергілікті археологтар тапқанын және ол олжалар жартылай аралдың археологиялық мәдениетін сипаттайтыны қырымдық музейлердің ұстанымына оң әсер етіп отырғанын айтты.

Алайда бюрократиялық мәселе бұл істі күрделендіріп тұр. Құндылықтарды алып шығуға рұқсатты Украина берген, ал Нидерланды экспонаттарды Украинаға қайтаруға кепілдір ұсынған. Бұл келісімшартта көрсетілген. Істің сотта қаралуы да тым ұзаққа созылуы да жағдайды ушықтыруда. 2019 жылдың шілдесінде Украина басшылыққа алған 1970 жылғы ЮНЕСКО конвенциясы қолданылмайтыны туралы аралық шешім шықты. Сот тараптардан қосымша ақпарат сұратты.

Қырым музейлері архивтік құжаттарды, соның ішінде бұйымдардың шығу тегі туралы ХІХ ғасырдағы құжаттарды да ұсынды.

2020 жылдың наурызында сот отырысы пандемияға байланысты кейінге қалдырылды. Себебі судьяның бірін украин тарапы шеттетті.

Сот үкімі 2021 жылдың қыркүейігнде шығады деген уәде болғанымен, "күтпеген жағдайларға" байланысты шешімді жариялау 26 қазанға дейін шегерілді.

Бонн мен Амстердамдағы сол кездегі тарихи көрмелерге келушілер екі мыңға жуық экспонаттың бірегейлігіне көз жеткізе алды. Еуропада Қырым мен Қара теңіз аймағының тарихына арналған мұндай ауқымды археологиялық жоба бұрын-соңды болмаған.

Бұл мың жылдық тарих. Ежелгі жәдігерлерді асыра бағалау мүмкін емес. Кейбір сарапшылар сақтандыру сомасын екі миллион еуроға бағалады.

Жаңалықтар
0