Су асты музейінің негізін қалаушылар – Канкуна ұлттық теңіз қауымдастығының бұрынғы президенті Роберто Диас пен Хайме ұлттық теңіз саябағының директоры Гонсалес Кано.
Туындылардың басым көпшілігі суретші әрі мүсінші Джейсон Тэйлордың қолынан шыққан.
CC BY 2.0 / Andy Blackledge/ / Musa 3Кейбіреулер өмір бойы таңғажайып Атлантиданы іздейді, ал өзгелер тылсым әлемді өз қолымен жасап шығарады. Британиялық мүсінші әрі суретші Джейсон де Кайрес Тейлор су астын бір қарағанда көзге тосын көрінетін мүсіндермен толтырған.
Кейбіреулер өмір бойы таңғажайып Атлантиданы іздейді, ал өзгелер тылсым әлемді өз қолымен жасап шығарады. Британиялық мүсінші әрі суретші Джейсон де Кайрес Тейлор су астын бір қарағанда көзге тосын көрінетін мүсіндермен толтырған.
CC BY 2.0 / Andy Blackledge / We are the reefБұл таңғажайып музей Мексикадағы Канкуна теңіз саябағында орналасқан. Экспозицияның құрамына су астында балдыр жамылған 200 мүсін кіреді.
Бұл таңғажайып музей Мексикадағы Канкуна теңіз саябағында орналасқан. Экспозицияның құрамына су астында балдыр жамылған 200 мүсін кіреді.
CC BY 2.0 / Andy Blackledge / The Dream CollectorМүсіндер экологиялық бейтарап бетоннан жасалған, яғни қоршаған ортаға еш зиянын тигізбейді. Керісінше, автордың идеясы бойынша, бұл туынды қоғамның теңіз тұңғиығына деген қызығушылығын арттыруы тиіс.
Мүсіндер экологиялық бейтарап бетоннан жасалған, яғни қоршаған ортаға еш зиянын тигізбейді. Керісінше, автордың идеясы бойынша, бұл туынды қоғамның теңіз тұңғиығына деген қызығушылығын арттыруы тиіс.
CC BY 2.0 / Andy Blackledge / Urban ReefҮн-түнсіз, мүлгіп тұрған мүсіндердің баспанасы да бар. Экспозиция жұмысы сонау 2009 жылы басталып, су астындағы "қоғам" қатары біртіндеп молайып отырған.
Үн-түнсіз, мүлгіп тұрған мүсіндердің баспанасы да бар. Экспозиция жұмысы сонау 2009 жылы басталып, су астындағы "қоғам" қатары біртіндеп молайып отырған.
CC BY 2.0 / Andy Blackledge / Балдыр қаптап кеткен мүсіндерді тазартуға қатаң тыйым салынған.
Балдыр қаптап кеткен мүсіндерді тазартуға қатаң тыйым салынған.
CC BY 2.0 / Andy Blackledge / MUSA 1Су астындағы музейге әртүрлі бағдарлармен жетуге болады. Ал Канкуна жағасында орналасқан теңіз саябағын жылына 700 мыңдай турист аралайды.
Су астындағы музейге әртүрлі бағдарлармен жетуге болады. Ал Канкуна жағасында орналасқан теңіз саябағын жылына 700 мыңдай турист аралайды.
CC BY 2.0 / Julie Rohloff / InertiaСу астындағы туындылар шынайы көлемінен анағұрлым үлкен болып көрінеді. Ал балдырлар су ағысымен жылжып, діріл қаққан кезде, мүсіндердің өзі де қозғалып, билеп жатқандай болады.
Су астындағы туындылар шынайы көлемінен анағұрлым үлкен болып көрінеді. Ал балдырлар су ағысымен жылжып, діріл қаққан кезде, мүсіндердің өзі де қозғалып, билеп жатқандай болады.