Спорт

Сәкен Бибосынов Олимпиада чемпионын жеңді – видео

© REUTERS / AMR ABDALLAH DALSHСакен Бибосынов
Сакен Бибосынов  - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.10.2021
Жазылу
Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов тәжірибелі боксшыдан айласын асырып, ұпай санымен жеңіске жетті

НҰР-СҰЛТАН, 27 қазан – Sputnik. Сербияның Белград қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында Сәкен Бибосынов Рио Олимпиадасының чемпионын жеңді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

51 келі салмақ дәрежесі бойынша өткен алғашқы жекпе-жекте Бибосыновқа қарсы өзбек боксшысы Хасанбой Дусматов шықты. 28 жастағы спортшы осыдан бес жыл бұрын Олимпиада чемпионы атанған. Алайда Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов тәжірибелі боксшыдан айласын асырып, ұпай санымен жеңіске жетті.


Келесі жекпе-жекте Бибосынов үндістандық боксшы Дипакпен жұдырықтасады.

Айта кетері, бұған дейін үш қазақстандық боксшы алғашқы жекпе-жектерін сәтті өткізді. 57 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп жүрген Серік Теміржанов алғашқы жекпе-жекте моңғол боксшысы Энх-Амар Хархуумен кездескен.

Қарсыласы – Азия чемпионы. Жерлесіміз оны ұпай саны жағынан ұтты. Есеп – 5:0. Бірақ жеңімпазды жариялағанда қызық жағдай болды.

Команда капитаны Абылайхан Жүсіпов (67 келі) тайбэйлық Линь Юды айқын басымдықпен жеңсе, Нұрқанат Райыс (75 келі) Черногориядан келген Стефан Савковичті ұтты.

Сербия астанасына 13 боксшымыз аттанды.

Олар:

  • Теміртас Жүсіпов (48 келі);
  • Сәкен Бибосынов (51 келі);
  • Махмұд Сабырхан (54 келі);
  • Серік Теміржанов (57 келі);
  • Саматәлі Төлтаев (60 келі);
  • Санатәлі Төлтаев (63,5 келі);
  • Абылайхан Жүсіпов (67 келі);
  • Асланбек Шымбергенов (71 келі);
  • Нұрқанат Райыс (75 келі);
  • Нұрбек Оралбай (80 келі);
  • Бек Нұрмағанбет (86 келі);
  • Айбек Оралбай (92 келі)
  • Нұрлан Сапарбай (+92 келі).

Сербия астанасына баратын боксшылардың капитаны Абылайхан Жүсіпов болады.
Әлем чемпионатының сыйақы қоры 2,6 млн АҚШ долларын құрап отыр.

Алтыннан алқа таққандар 100 000 долларға ие болады. Күміс медаль үшін 50 000, ал қолаға 25 000 доллар беріледі. Чемпионат 24 қазан мен 6 қараша аралығында өтеді.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0