Экономика

Үш күннен артық тұрақтамайды: елде туризмді дамыту тұжырымдамасы әзірленді

© Sputnik / Александр МирогловБурабай
Бурабай - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.10.2021
Жазылу
Сарапшылардың түрлі деректері бойынша, отандық туроператорлар мен турагенттері қызметінің табысы бәрібір 50-60%-ке азайған

НҰР-СҰЛТАН, 26 қазан — Sputnik. Туризм индустриясы комитеті Қазақстанның туристік саласын дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасы жобасын әзірледі. Құжат "Ашық НҚА" сайтында жарияланды. Ол жария талқылау үшін 8 қарашаға дейін сайтта қолжетімді болады.

Құжатта Қазақстан туристік дестинация ретінде өзінің қалыптасуының бастапқы кезеңінде тұрғаны жазылған. 2019 жылдың мамырында туристік саланы дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік қабылданды.

Сол шақтан бастап салада "Tax free" жүйесі енгізілді, визасыз елдердің тізімі 73 елге дейін кеңейтілді, көші-қон карточкалары мен шетелдіктерді тіркеу 30 күнге дейінгі мерзімге тоқтатылды, 99 санитариялық-гигиеналық торап орнатуға 1 миллиард теңге бөлінді, Қазақстанның 11 әуежайында "ашық аспан" режимі енгізілді.

2019 жылы елге 8,5 миллион адам сырттан келді және олардың 90%-і ТМД елдерінің азаматтары. Олардың елде өткізген орташа уақыты 3 күннен аспады.

"Ішкі туризм әлеуетінің жеткіліксіз іске асырылуы 2019 жылы 2,7 миллиард долларды құрайтын туристік қызметтер импортымен 10,7 миллион адамды құрайтын шығыс туристік ағынның көрсеткішінен көрінеді. Сонымен бірге COVID-19 коронавирусының таралуынан сақтану мақсатында қабылданған шектеу және карантин шаралары 2020 жылы бүкіл әлемдегі туристік салаға кері әсер етті", - деп жазылған құжатта.

Шекаралардың жабылуы қазақстандықтарды ел ішінде демалуға итермеледі. Көпшілігі қалаларға жақын орналасқан табиғи демалыс орындарына, ұлттық парктер мен курорттық аймақтарға барды. Сондықтан ішкі туристік ағым кіріс және шығыс ағыммен салыстырғанда аз деңгейде қысқарды.

2020 жылы Қазақстанда ішкі туристер саны 4,5 миллион адамды құрады. Бұл 2019 жылғы деңгейден бірден үш дәрежеде (сол кезде 6,7 миллион адам болды) аз. Пандемия кезінде ішкі туризмді дамыту елдегі осы салада жаңа трендке айналды.

Сарапшылардың түрлі деректері бойынша, отандық туроператорлар мен турагенттері қызметінің табысы бәрібір 50-60%-ке азайған.

Туристік саланы дамытудың негізгі проблемалары:

  • туристік тартылыс орындарында инфрақұрылымның жеткіліксіз дамуы;
  • орналастыру орындарының шектеулі саны;
  • туристік қызметтерді цифрландырудың жеткіліксіз деңгейі;
  • әлсіз логистика;
  • туристердің қанағаттану деңгейінің жеткіліксіздігі;
  • салада кәсіби кадрлар тапшылығы;
  • өңірлік және халықаралық деңгейде туристік әлеуетті ілгерілетудің жеткіліксіз деңгейі;
  • қазақстан территориясында тұрақты халықаралық іс-шаралардың жоқтығы, МІСЕ туризмді дамытудың жеткіліксіздігі.

Қазіргі уақытта республиканың туристік нарығында елге келушілерді, сондай-ақ ішкі туристерді барлық қажетті ақпаратпен толық қамтамасыз ете алатын қандай да бір интеграцияланған қосымша немесе платформа жоқ.

Жолаушыларды тасымалдауға арналған авиа және темір жол географиясының шектеулі болуы, туристік нысандарға жетуге дейінгі логистиканың күрделілігі Қазақстанда туризмді дамытуды тежеуші факторлардың бірі болып табылады.

Сонымен қатар туристің "клиент жолында" туристік өнім бағасындағы көлік бөлігі 50% және одан да көп деңгейді құрайды. Осыған байланысты туристік нысандарға қолжетімділікті, сондай-ақ әуежайларды, теміржол бекеттерін және автостанцияларды қоса алғанда, туристің жүру жолындағы жайлылықты қамтамасыз ету қажет.

Сондай-ақ әуе билеттерінің қымбаттығымен және темір жол билеттерінің тапшылығымен қоса автомобиль жолдарының сапасы демалыс маусымдарында Алакөл, Балқаш көлдерінің туристік дестинацияларында, Имантау-Шалқар курорттық аймағында және ел ішіндегі тағы басқа демалыстың басты бөгеттері болып табылады.

Қазақстандық әуе компанияларының билет бағасы түпкі тұтынушылар үшін де жоғары болып отыр және ол сұраныс пен пайдаланушы туралы деректерге сүйене отырып, баға белгілеудің нарықтық тетіктері негізінде қалыптасады. Яғни бұл ретте баға сұранысқа, авиабилетті сатып алудың алдын ала жүргізілуіне, рейсті орындау күніне, рейстің ұшу уақытына және тағы басқа факторға байланысты қымбат немесе арзан болуы мүмкін.

Дүниежүзілік экономикалық форум - 2019 Саяхат пен туризмнің жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінде Қазақстан 140 елдің ішінде 80-орында тұр.

Қазақстанда туризмді дамыту үшін жоғары әлеует рейтингтің мынадай көрсеткіштерінде айқындалады:

  • дүниежүзілік мұраның мәдени нысандары саны бойынша 62-орынға ие;
  • ауызша және материалдық емес мәдени мұра нысандары саны бойынша – 16-орын;
  • дүниежүзілік мұраның табиғи нысандары саны бойынша – 32-орын.
  • Тұжырымдаманы жүзеге асыруда 3 негізгі мәселе белгіленген:
  • туризм инфрақұрылымын дамыту;
  • қолайлы климат құру және сервис сапасын арттыру;
  • туристік әлеуетті ілгерілету.

Тұжырымдама 2025 жылға дейін әзірленді. Құжатты әзірлеушілер тұжырымдаманы іске асыру нәтижелері бойынша 2025 жылға қарай келесі нәтижелерге қол жетеді деп күтуде:

  • Дүниежүзілік экономикалық форумның бәсекеге қабілеттілік және туризм бойынша рейтингінде 60-орын;
  • Дүниежүзілік экономикалық форумның маркетинг тиімділігі бойынша рейтингінде 70-орын;
  • туристік қызметтерді цифрландыру деңгейін 90%-ке жеткізу.

Оқи отырыңыз: 

Ақтауда 15 миллионға "егілген" пластик гүлдер құлап жатыр - видео

ДДҰ туризмді толығымен тоқтатуға үндеді

Жаңалықтар
0