Өңірлер

БАӘ Түркістанда еуропалық үлгіде перзентхана салып жатыр

© Photo : Пресс-служба акима Туркестанской областиТүркістан
Түркістан - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.10.2021
Жазылу
Абу-Дабидің мұрагер ханзадасының қолдауымен бой көтеретін жаңа перзентхананың құрылысы келер жылы аяқталады

АЛМАТЫ, 26 қазан – Sputnik. Түркістанда Біріккен Араб Әмірліктерінің қаржысына перзентхана салынады. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Түркістан қаласында Абу-Дабидің тақ мұрагері шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян атындағы 80 орындық перзентхананың құрылысы басталды.

Біріккен Араб Әмірліктері премьер-министрінің орынбасары, президент істері жөніндегі министрі шейх Мансур бен Заид Әл Нахаян мен Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев бүгін жаңа "Ана мен бала орталығының" іргетасына капсула салды.

"Бастама Біріккен Араб Әмірліктері мен Қазақстан Республикасы арасындағы тығыз тарихи байланыстар мен стратегиялық әріптестікті нығайтудың символы, сондай-ақ Қазақстан халқының денсаулығын нығайтуға және Түркістан қаласының инфрақұрылымын дамытуға қосқан үлесі болып табылады", - делінген капсуладағы жазбада.

Айта кетері, жобаны Түркістан облысы әкімдігі мен Абу-Даби даму қоры бірлесіп жүзеге асырып жатыр.

Түркістан қаласында заманауи перзентхана құрылысы былтыр желтоқсанда Біріккен Араб Әмірлігінде өткен Өмірзақ Шөкеев пен шейх Мансур бен Заид Әл Нахаянның кездесуіндегі келісім негізінде жүзеге асып отыр.

Абу-Дабидің мұрагер ханзадасының қолдауымен бой көтеретін жаңа перзентхананың құрылысы келер жылы аяқталады. Ғимараттың жалпы ауданы 8 мың шаршы метр, жер аумағы — 33 000 шаршы метр. Заманауи перзентхана еуропалық үлгіде салынады.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар
0