НҰР-СҰЛТАН, 25 қазан – Sputnik. Түркістан облысының 22 жастағы тұрғыны дүниеге үшем әкеліп, көп балалы ана атанды.
22 жастағы Гулмира Мирзаева № 2 облыстық перинаталдық орталығында үш қыз босанды.
© Photo : Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіТүркістан облысында үшем дүниеге келді
Түркістан облысында үшем дүниеге келді
© Photo : Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
"Жаңа туған нәрестелерге Фотима, Зухра, Хадиса есімдері берілді. Нәрестелердің салмағы 2200 гр, 2310гр, 1980 гр болған", - деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Мерзімінен ерте туылған үшемдер периниталдық орталық дәрігерлерінің бақылауына алынған. Медицина қызметкерлерінің көмегімен балалардың жағдайы тұрақты, үшемдер перзентханадан шығуға әзір.
© Photo : Түркістан облысының әкімдігіТүркістан облысында үшем дүниеге келді
Түркістан облысында үшем дүниеге келді
© Photo : Түркістан облысының әкімдігі
Айта кетері, үшем дүниеге келген отбасының ұлы мен қызы бар. Көпбалалы ана үй шаруасында отырған әйел. Ал, отағасы жеке кәсіпкер.