Өңірлер

22 жасында көпбалалы ана атанды: Түркістанда дүниеге үшем келді - фото

© Photo : Пресс-служба акимата Туркестанской областиТүркістанда үшем дүниеге келді
Түркістанда үшем дүниеге келді - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.10.2021
Жазылу
Үшем дүниеге келген отбасының ұлы мен қызы бар. Үшемнің денсаулық жағдайы тұрақты

НҰР-СҰЛТАН, 25 қазан – Sputnik. Түркістан облысының 22 жастағы тұрғыны дүниеге үшем әкеліп, көп балалы ана атанды.  

22 жастағы Гулмира Мирзаева № 2 облыстық перинаталдық орталығында үш қыз босанды.

© Photo : Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіТүркістан облысында үшем дүниеге келді
22 жасында көпбалалы ана атанды: Түркістанда дүниеге үшем келді - фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.10.2021
Түркістан облысында үшем дүниеге келді

"Жаңа туған нәрестелерге Фотима, Зухра, Хадиса есімдері берілді. Нәрестелердің салмағы 2200 гр, 2310гр, 1980 гр болған", - деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Мерзімінен ерте туылған үшемдер периниталдық орталық дәрігерлерінің бақылауына алынған. Медицина қызметкерлерінің көмегімен балалардың жағдайы тұрақты, үшемдер перзентханадан шығуға әзір.

© Photo : Түркістан облысының әкімдігіТүркістан облысында үшем дүниеге келді
22 жасында көпбалалы ана атанды: Түркістанда дүниеге үшем келді - фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.10.2021
Түркістан облысында үшем дүниеге келді

Айта кетері, үшем дүниеге келген отбасының ұлы мен қызы бар. Көпбалалы ана үй шаруасында отырған әйел. Ал, отағасы жеке кәсіпкер. 

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0