Денсаулық

Коронавирусқа қарсы ақылы вакцина қанша теңге тұрады – Цой жауап берді

© AP Photo / Andreea Alexandruвакцина
вакцина - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.10.2021
Жазылу
Yandex newsTelegram
Тегін екпе алғысы келмейтін қазақстандықтар шетелден жеткізілетін ақылы вакцинаны салдыра алады

НҰР-СҰЛТАН, 26 қазан – Sputnik. 2022 жылы Қазақстанға жеткізілетін коронавирусқа қарсы ақылы вакциналар қымбатқа түспейді, деп санайды денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.

Үкімет отырысынан кейін журналистер министрден коронавирусқа қарсы ақылы вакцина шамамен қанша тұратынын сұрады.

"Мен мұны айта алмаймын, өйткені бұл коммерциялық сегмент. Бірақ жалпы вакциналар қымбат емес. Егер басқа вакциналарды алсақ, олардың бағасы 2 мыңнан 5 мың теңгеге дейінгі аралықта. Сол себепті бұл жерде вакциналардың коммерциялық сегментте қандай бағамен сатып алынатынына назар аудару қажет", - деді Цой журналистерге үкімет кулуарында.

Айтуынша, денсаулық сақтау министрлігі негізгі дистрибьюторларға хабар берген. Қазір олар келесі жылы ел аумағына ақылы вакциналар жеткізу мәселесін пысықтап жатыр.

Министр алдағы ақылы вакцинация тегін вакцина салдырғысы келмейтін қазақстандықтар үшін "баламалы аналог" болатынын мәлімдеді.

Оқи отырыңыз: 

Цой коронавирус бойынша жаңа болжамды жариялады

Көрші елдерде індет қайта өршіді: Мамин тапсырма берді

Жаңалықтар
0