Экономика

Базалық мөлшерлеме тағы да өсті

© Photo : Пресс-служба Национального банка КазахстанаЗдание Национального банка Казахстана
Здание Национального банка Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.10.2021
Жазылу
Сауда жағынан әріптес елдердің инфляциясы күшейді. Сондай-ақ, халық арасындағы жоғары инфляциялық болжамдар жағдайды қиындатып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 25 қазан – Sputnik. Ұлттық банк базалық мөлшерлемені көтеруге шешім қабылдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан банктің сайтына сілтеме жасап.

Ресми мәліметке сәйкес, ұлттық банктің ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті базалық мөлшерлемені +/-1,00 п.т. проценттік дәлізімен жылдық 9,75% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады.

"Тиісінше өтімділікті ұсыну жөніндегі тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме 10,75%, ал өтімділікті алу жөніндегі тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме – 8,75% болады", - делінген хабарламада.

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені көтерудің себебін түсіндірді. 2021 жылы инфляция бұған дейінгі болжамнан жоғары, яғни, 7,5-8,5 процентен асып кетті. Оған қоса, әлемдік нарықтағы бағалар өсті.

Сауда жағынан әріптес елдердің инфляциясы күшейді. Сондай-ақ, халық арасындағы жоғары инфляциялық болжамдар жағдайды қиындатып отыр.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0