Өңірлер

"Ұялмайсыз ба?": Шымкент базарында болған шулы оқиғаға қатысты тергеу жүргізіледі - видео

© Sputnik / Тимур БатыршинНикольский рынок в Алматы
Никольский рынок в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.10.2021
Жазылу
Құзырлы орган тексеру аяқталғаннан кейін полиция қызметкерлері тиісті тәртіптік жауапкершілікке тартылатынын айтты

АЛМАТЫ, 25 қазан – Sputnik. Шымкент базарында қос полицейдің сауда жасап отырған егде жастағы әйелге танытқан дөрекілігі жұрттың ашуын келтірді.

Әлеуметтік желіде пайда болған видеода полиция қызметкері егде жастағы әйелдің жаңғақ салынған дорбасын сілкігенін және оған қарата "түсініп тұрсыз ба? Ұялмайсыз ба, азаннан бері келіп, менің миымды жегенше" дегенін көруге болады.

Сондай-ақ тәртіп сақшысы әйелдің телефонын алып, оны жеке құжаттарына айырбастайтынын айтады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ӘЛЕУМЕТТІК-АҚПАРАТТЫҚ ПАРАҚША (@aqparat.kz)

Сол маңға жиналған көпшілік әйелге жақтасып, телефонын қайтаруға көмектесті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ӘЛЕУМЕТТІК-АҚПАРАТТЫҚ ПАРАҚША (@aqparat.kz)

Желіде жариялаған видеода оқиға куәгерлері бұл жағдайдың 24 қазанда болғанын айтты.

"Шымкенттегі "Қырғы базарының" кіре беріс жерінде 3-4 келі жаңғақ сатып отырған әжеге екі полицей келіп, заңсыз сауда жасағанына айыппұл салмақшы болған. Үлкен кісі полицейлерден қорқып қалған болуы керек, ұлына хабарласпақшы болғанда телефонынын да алып қойды", - дейді олар.

Сондай-ақ әйелдің 75 жаста екені айтылды.

Оқиғаға байланысты жергілікті полиция пікір білдірді.

"Полиция қызметкерлері Әл-Фараби ауданы аумағында рұқсат берілмеген орындарда сауданың алдын алу бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізген. Сондай-ақ видеодағы полиция бөлімінің қызметкерлеріне қатысты қызметтік тексеру басталды", - деп хабарлады Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Құзырлы орган тексеру аяқталғаннан кейін полиция қызметкерлері тиісті тәртіптік жауапкершілікке тартылатынын айтты.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0