Әлем

Ресей сыртқы істер министрлігі Орталық Азиядағы АҚШ әскеріне қатысты мәлімдеме жасады

© AP Photo / Phil SearsАҚШ туы, архивтегі сурет
АҚШ туы, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.10.2021
Жазылу
Сыртқы істер министрлігіндегі департамент басшысының айтуынша, Орталық Азияда АҚШ әскерінің орналасуына қатысты мәселе талқыланған жоқ

НҰР-СҰЛТАН, 25 қазан — Sputnik. Мәскеу Вашингтонмен Орталық Азияда АҚШ-тың әскери қатысуына қатысты ешқандай мәселені пысықтап жатқан жоқ. Бұл туралы РИА Новостиге берген сұхбатында Ресей президентінің Ауғанстан бойынша арнайы өкілі, Ресей СІМ Азия екінші департаментінің басшысы Замир Кабулов мәлімдеді.

"Бұл жалған ақпарат және мұны кім таратып жатқаны белгісіз. Бұл жайлы мен бейхабармын", - деді Кабулов.

Бұған дейін БАҚ-та АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Виктория Нуландтың Ресейге сапары барысында Ауғанстаннан кеткеннен кейін АҚШ әскерилерінің Орталық Азияда жайғасуы талқыланып, Мәскеу мен Вашингтон осы мәселені пысықтауды жоспарлап отыр деген ақпарат тарады.

Нуланд 11-13 қазан аралығында Ресейге іссапармен барған болатын. Ол Ресей СІМ басшысының орынбасары Сергей Рябковпен, Ресей президенті әкімшілігі басшысының орынбасары Дмитрий Козакпен, сондай-ақ Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаковпен кездесті.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0